Zhanibekov university logo

Комплаенс офицеріне конкурс жариялаймыз!

20 Тамыз 2026, 10:20
Zhanibekov university

«Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, 160012, А.Байтұрсынов көшесі, 13 мекенжайында орналасқан «Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының комплаенс офицер бос лауазымына конкурс жариялайды:

 Қызметтің мақсаты қоғам жұмыскерлері мен білім алушылардың оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру, қоғамда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеу талаптарының және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету, Заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Комплаенс-офицері лауазымына қойылатын талаптар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар және осы салада кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы.

 Комплаенс офицер:

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы», «Білім туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар
туралы», «Қазақстан Республикасы жастарының мемлекеттік саясаты туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Жеке деректер және оларды қорғау туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Еңбек кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдармаларын және стратегиялық құжаттарын, университет Жарғысы мен университет ішкі актілеріне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережесі, Әдеп және ақадемиялық адалдық кодексі, еңбек тәртіп қағидалары) сәйкес нормаларын, Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын білуі тиіс.

Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:

1) жиырма бес жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзған;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

 Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) белгіленген үлгідегі 3х4 түрлі-түсті фотосуретімен қоса конкурсқа қатысушының қызмет тізімі;

4) білім туралы құжаттар мен оларға қосымшалардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

5) жұмыс орны (ағымдағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) № 075у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-кеңестік қорытынды);

7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір айдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды тапсыру күніне дейін бір айдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;

12) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат.

Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын енгізген, төтенше жағдай жарияланған не әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда конкурсқа қатысушылар осы тармақтың 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынудан босатылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Шымкент қ., Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Байтұрсынов көш. №13, 217 кабинет (Казпочта арқылы), сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін,  info@okmpu.kz (электронды почта), анықтама телефоны: 87785557476, 39-02-44 (747) (заң бөлімі).

 

Конкурс өткізілетін күні мен орны: Хабарланады!

Өтініш

Қызмет тізімі