Zhanibekov university logo

УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

7 Тамыз 2026, 13:38
Медиа Орталық

Бүгін "ӘДІЛЕТ" партиясының сайлауалды бағдарламасын кеңінен таныстыру және оның негізгі басым бағыттарын түсіндіру мақсатында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ұжымымен кездесу өтті. Кездесуге Әл-Фараби ауданы бойынша "ӘДІЛЕТ" партиясының төрағасы, сайлауалды штабтың басшысы Орынбасар Лесбайұлы Лештаев бастаған үгіт-насихат тобы қатысты. Делегация құрамында штаб мүшелері Алма Архабаева, Бақытжан Жақсықұлов, Бөкейхан Әбішев, Жұмахан Мырхалықов, Асан Әбдікәрімов, Жандарбек Сыдыков болды. Кездесудің басты мақсаты – "ӘДІЛЕТ" партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған бастамаларды көпшілікке таныстыру, білім беру саласының қызметкерлерімен ашық пікір алмасу және олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау болды.

Кездесу жиынын Басқарма төрағасы-Ректор Қайрат Балабиев жүргізіп, өзінің "ӘДІЛЕТ" партиясының мүшесі екенін атап өтті. Ол партияның елдегі әділетті қоғам құруға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік жауапкершілікті күшейтуге және білім мен ғылымды дамытуға бағытталған бастамаларына қолдау білдіріп, университет ұжымын алдағы саяси науқанда белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды. Ал, Әл-Фараби ауданы бойынша партия төрағасы әрі сайлауалды штабтың басшысы Орынбасар Лештаев партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына жан-жақты тоқталды. Өз сөзінде ол бағдарламаның басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, жастардың әлеуетін дамыту және білім беру жүйесін жетілдіру екенін атап өтті.

Сонымен қатар, партияның білім беру саласына қатысты бастамаларына ерекше назар аударылып, педагогтердің мәртебесін көтеру, білім сапасын арттыру, ғылым мен инновацияны қолдау, жастарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы нақты ұсыныстар таныстырылды. Штаб мүшесі Алма Архабаева өз сөзінде қоғамның тұрақты дамуы азаматтардың белсенділігіне, заңға құрметпен қарауына және ортақ жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Ол партияның халықпен ашық диалог орнатуға, әрбір азаматтың пікірін ескеруге және елдің орнықты дамуына бағытталған бастамаларына тоқталды. Ұжым атынан сөз сөйлеген тарих ғылымдарының докторы, профессор Бекмұрат Найманбаев қоғамның дамуында білім беру саласының маңызы ерекше екенін атап өтіп, партияның білім мен ғылымды қолдауға бағытталған бастамаларына оң бағасын білдірді. Сонымен қатар, өз ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Осыған ұқсас

«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

9 Қыркүйек 2026, 16:36
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ

9 Қыркүйек 2026, 16:20
Конкурс. 07.09.2026

Конкурс. 07.09.2026

7 Қыркүйек 2026, 16:52
Хабарландыру 07.09.2026

Хабарландыру 07.09.2026

7 Қыркүйек 2026, 15:07
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

1 Қыркүйек 2026, 13:44
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті КЕАҚ-тың Университет грантын беру жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 24 тамыздағы хаттамалық шешімі негізінде Университет грантының иегерлерінің тізімі

28 Тамыз 2026, 15:48
ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

28 Тамыз 2026, 12:33
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ –  ҰЛТ РУХАНИЯТЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ТҰЛҒА

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ТҰЛҒА

28 Тамыз 2026, 09:19
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27 Тамыз 2026, 14:06
ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ: БІЛІМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ

ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ: БІЛІМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ

26 Тамыз 2026, 16:18