УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ ӘБДІМӘЛІК ӘШІРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-Ректоры Қайрат Балабиев техника ғылымдарының докторы, профессор, белгілі ғалым Әбдімәлік Әшіровті қабылдады. Кездесу барысында тараптар ғылымды дамыту, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру және өнертапқыштық қызметті қолдау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар университет жанынан ашылған, танымал шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәліктің атымен аталған шахмат мектебінің бүгінгі тыныс-тіршілігі, аталған мектептің жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші Әбдіқадыр Яхияев пен шәкірттерінің жетістіктері таныстырылды.
Өз кезегінде Басқарма төрағасы саналы ғұмырын жоғары білім мен ғылым саласына арнаған, университет тарихында екі мәрте ректор қызметін атқарған еңбек ардагері Әбдімәлік Әшіровтің мол тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі етіп, оқу орнының ғылыми-білім беру қызметінде тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті. Жоғары білім мен ғылымды дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, университеттің ғылыми әлеуетін арттыру бағытындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыруға ниетті екендіктерін жеткізді.
Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Хабарландыру. 25.09.2026
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ
ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ