ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бүгін Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті. Білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылауға арналған жиынға білім саласының өкілдері, қала мектептерінің басшылары мен педагогтері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен сала мамандары қатысты.
Конференция барысында Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-Ректоры Қайрат Балабиев «Педагогикалық жоғары білімнің трансформациясы: сапалы адами капиталды қалыптастырудың жаңа көкжиектері» тақырыбында баяндама жасады. Ректор өз сөзінде білім берудің адами капиталды қалыптастырудағы стратегиялық рөліне тоқталып, педагогикалық жоғары білімнің қазіргі трансформациясы, педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу мәселелерін атап өтті.
Баяндамада университеттің педагог даярлаудағы жаңа тәсілдері мен жетістіктері кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, «Колледж – Бакалавриат – Магистратура – Докторантура» білім беру сабақтастығы, дуальды оқыту жүйесі, мектептермен педагогикалық серіктестік, ғылыми-зерттеу жобалары және халықаралық ынтымақтастық бағыттарына ерекше назар аударылды.
Бүгінде университеттің Шымкент қаласындағы жалпы орта білім беретін ұйымдарда 17 филиалы жұмыс істеп, 169 клиникалық базамен педагогикалық серіктестік орнатылған. Бұл жүйе болашақ педагогтердің теориялық білімін мектеп тәжірибесімен ұштастырып, олардың кәсіби даярлығын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Қайрат Рахымұлы университеттің жасанды интеллект пен педагогикалық білімді ұштастыратын ғылыми жобаларына тоқталды. Олардың қатарында болашақ математика мұғалімдерін жасанды интеллект технологиялары арқылы даярлау, математикалық сауаттылықты қалыптастыруда жасанды интеллектіні пайдалану, адаптивті оқыту жүйесін әзірлеу және жасанды интеллект интеграцияланған клиникалық оқыту экожүйесін құру жобалары бар. Халықаралық ынтымақтастық мәселесіне де басымдық берілді. Университет базасында Түркияның жетекші зерттеу университеттерінің бірі Гази университетінің филиалы жұмысын бастап, педагогикалық білім беру мен ғылыми зерттеулерді халықаралық деңгейде дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Сондай-ақ Қытайдың Сиянь шет тілдер университетімен бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды.
Университеттің негізгі мақсаты – тек бүгінгі мектепке мұғалім даярлау емес, болашақтың мектебін қалыптастыра алатын жаңа буын мұғалімін даярлау. Тамыз конференциясында білім беру саласының жаңа оқу жылындағы басымдықтары айқындалып қана қоймай, педагогикалық қауымдастықтың өзекті мәселелері бірлесіп талқыланды.
Similar
МЕРИТОКРАТИЯ: БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС ӨТТІ
АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«ОТБАСЫ ҚҰРУҒА ДАЙЫНСЫҢ БА?» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ – COURSERA ЖОБАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ ҚАТАРЫНДА!
«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ
20 ЖАС ҒАЛЫМ РЕКТОР ГРАНТЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Конкурс. 07.09.2026