«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес елімізде өткізіліп жатқан «Кибермәдениет айы» аясында университетте ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар мен университет қызметкерлерінің кибергигиена, ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық бойынша білімін арттыру, сондай-ақ интернет кеңістігінде кездесетін киберқауіптердің алдын алу. Жиынды Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры, профессор Баршагүл Исабек жүргізіп, жастарға тақырыптың өзектілігін түсіндірді. Арнайы бейнеролик көрсетіліп, электронды ақпараттық насихат парақшалары таратылды.
Кездесуге Шымкент қаласы, Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері, полиция капитаны Ердәулет Ералиев, полиция капитаны Бахытжан Бекбаев, Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Қырғызбаев қатысты. Кездесу барысында мамандар интернет желісінде жиі кездесетін киберқылмыс түрлері, алаяқтықтың заманауи тәсілдері және киберқылмыскерлердің азаматтарды алдау әдістері туралы кеңінен түсіндірді. Студенттерге дербес деректерді қорғау, фишингтік шабуылдардан сақтану, күмәнді сілтемелер мен файлдарды ашпау, күрделі құпиясөздерді қолдану, аккаунттарды қосымша қорғау және белгісіз тұлғаларға жеке мәліметтерді бермеу жөнінде кеңес берілді.
Сонымен қатар, кездесуде интернет-алаяқтыққа тап болған жағдайда қандай әрекет жасау керектігі, құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі және азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді жолдары түсіндірілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Іс-шара барысында спикерлер цифрлық технологияларды күнделікті өмірде пайдалану кезінде қырағылық танытып, күмәнді хабарламаларға сенбеуге, белгісіз нөмірлерден келіп түскен қоңырауларға сақтықпен қарауға және дербес деректердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.




Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында