АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласында ардагерлер ұйымы мен университеттің бірлескен Академиялық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиынға университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Қайрат Балабиев қатысты. Кездесуге Шымкент қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжехан Төлебаев, төраға орынбасары Асқар Жұмабайұлы, сондай-ақ Республикалық ұлттық құндылықтар академиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әбила Көздібайқызы қатысты.
Академиялық кеңестің құрамына университеттің бірқатар профессор-оқытушылары мен жауапты мамандары мүше болып енгізілді. Жиын барысында аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесін білім беру және тәрбие үдерісіне тиімді пайдалану, жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, патриоттық тәрбие мен ұрпақтар сабақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.
Қатысушылар білім ордасы мен ардагерлер ұйымы арасындағы байланысты одан әрі күшейтіп, бірлескен жобалар мен қоғамдық бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Бірлескен Академиялық кеңес – тәжірибелі ардагерлердің тағылымын жас ұрпаққа жеткізіп, білім мен тәрбиені ұлттық құндылықтармен ұштастыруға бағытталған маңызды алаң болмақ. Жиын қорытындысында алдағы кезеңге арналған бірқатар міндеттер айқындалып, өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар айтылды.
Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!
«КӘСІБИ ОРТАДАҒЫ ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ ӨТТІ
ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МЕН ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫ ЕҢБЕК!
КІТАПХАНА МЕН ТИПОГРАФИЯ ЖҰМЫСЫ НАЗАРДА
AI-Sana: студенттер ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГІН БАҒАЛАЙТЫН Mektep Pulse ПЛАТФОРМАСЫН ӘЗІРЛЕДІ
«SHE RUG 2026»: ДӘСТҮР МЕН КӘСІПТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
ҒАСЫР ҒҰМЫРЛЫ ҰСТАЗДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЮНИСЕФ ӨКІЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
СТУДЕНТТЕР АУЫЛ ӘЖЕЛЕРІНЕН КІЛЕМ ТОҚУДЫ ҮЙРЕНЕДІ