ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Университетте шетелдік білім алушыларға Қазақстан Республикасындағы заң талаптары мен тәртіп қағидаларын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Кездесуге Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек, Тәрбие және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Анарбаев қатысып, студенттердің жеке сұрақтарына жауап берді.
Жиын барысында шетелдік білім алушылардың жатақханаға орналасу тәртібі, тұрақты тіркеуге алыну мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бойынша негізгі талаптар түсіндірілді. Студенттерге ел аумағында заң талаптарын сақтау, құжаттарды уақтылы рәсімдеу және белгіленген тәртіпті ұстанудың маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар білім алушыларды университеттің ішкі құрылымымен, факультеттері мен негізгі нысандарымен таныстыру мақсатында студенттерге университет картасын түсіндіру жұмыстары декандарға тапсырылды.
Кездесуде студенттердің әлеуметтік және психологиялық жағдайына да ерекше көңіл бөлінді. Білім алушыларға университет жанындағы арнайы психологиялық орталық пен «Мейірім» денсаулық орталығы қажетті жағдайда тиісті көмек көрсететіні туралы ақпарат берілді. Кездесу соңында Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Қашқынқызы шетелдік білім алушылардың оқу, тұрмыс немесе әлеуметтік мәселелеріне қатысты шешілмеген сұрақтары болған жағдайда, оларды жеке қабылдап, тиісті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Кездесу шетелдік білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, университеттегі қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды.

Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!
«КӘСІБИ ОРТАДАҒЫ ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ ӨТТІ
ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МЕН ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫ ЕҢБЕК!
КІТАПХАНА МЕН ТИПОГРАФИЯ ЖҰМЫСЫ НАЗАРДА
AI-Sana: студенттер ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГІН БАҒАЛАЙТЫН Mektep Pulse ПЛАТФОРМАСЫН ӘЗІРЛЕДІ
«SHE RUG 2026»: ДӘСТҮР МЕН КӘСІПТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
ҒАСЫР ҒҰМЫРЛЫ ҰСТАЗДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЮНИСЕФ ӨКІЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
СТУДЕНТТЕР АУЫЛ ӘЖЕЛЕРІНЕН КІЛЕМ ТОҚУДЫ ҮЙРЕНЕДІ