«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде 1 қазан – Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күніне орай «Ұстаз – өмірдің шамшырағы» атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік шара «Тұмар» би тобының биімен ашылды. Университет Басқарма төрағасы – Ректор Қайрат Балабиев құттықтау сөз сөйлеп, жоғары білім саласының дамуына үлес қосып жүрген еңбеккерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ректор өз сөзінде ұстаз еңбегінің қоғам дамуындағы маңызына тоқталып, университет ұжымының білім мен ғылымды дамыту жолындағы еңбегіне ризашылығын білдірді.
Мерекелік шара барысында университеттің бірқатар оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, жоғары білім саласындағы үздік еңбегі үшін «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің үздігі» Құрмет дипломына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғысына, Басқарма төрағасы-Ректордың Құрмет грамотасына, Түркістан облысы әкімінің Алғыс хатына, Түркістан облысы мәслихатының грамотасына, Шымкент қаласы мәслихатының грамотасына, «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық және Шымкент қалалық филиалдарының Алғыс хаттарына, сондай-ақ Әл-Фараби аудандық және Шымкент қаласының Ардагерлер кеңестерінің Алғыс хаттарына ие болды.
Салтанатты жиын соңы университет өнерпаздарының қатысуымен әзірленген концерттік бағдарлама ұсынылып, мерекелік кеш ән мен күйге, көтеріңкі көңіл күймен жалғасты. Белгілі әнші, эстрада үйірмесінің жетекшісі Хадиша Шалабаева, студенттер Мұсабек Бауыржан, Дидар Сыдықова, Иса Нұрай, Қазына Әсілхан ән шырқаса, «16 қыз» жайдарманшыларының ойыны көрерменді күлкіге бөледі. Ал, студенттер Әлішер Сабыров пен Сардор Рахматовтың орындауындағы аспаптық орындауы осы кештің жаңалығы болды. Ұстаз еңбегін ұлықтаған тағылымды шара университет ұжымын жаңа жетістіктерге жігерлендірді.

Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!
«КӘСІБИ ОРТАДАҒЫ ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ ӨТТІ
ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МЕН ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫ ЕҢБЕК!
КІТАПХАНА МЕН ТИПОГРАФИЯ ЖҰМЫСЫ НАЗАРДА
AI-Sana: студенттер ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГІН БАҒАЛАЙТЫН Mektep Pulse ПЛАТФОРМАСЫН ӘЗІРЛЕДІ
«SHE RUG 2026»: ДӘСТҮР МЕН КӘСІПТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
ҒАСЫР ҒҰМЫРЛЫ ҰСТАЗДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЮНИСЕФ ӨКІЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
СТУДЕНТТЕР АУЫЛ ӘЖЕЛЕРІНЕН КІЛЕМ ТОҚУДЫ ҮЙРЕНЕДІ