ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ
Биылғы жаңа оқу жылында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Дайындық бөліміне 38 тыңдаушы қабылданып, бүгін олар үшін алғашқы сабақ күні басталды.
Тыңдаушылардың қатарында Қазақстан азаматтарымен бірге Өзбекстан, Қытай Халық Республикасы, Ауғанстан, Әзербайжан және Нигериядан келген білім алушылар бар. Олардың бір бөлігі мемлекеттік грант негізінде, шетел азаматтары қатарындағы тыңдаушылар ақылы негізде білім алады.
Дайындық бөлімінде білім алушылардың тілдік даярлығын жетілдіруге, жоғары білім беру жүйесіне бейімделуіне және университеттік ортаға еркін араласуына ерекше мән беріледі.
Алғашқы сабаққа Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек қатысып, тыңдаушыларға университеттің тыныс-тіршілігі, білім беру мүмкіндіктері мен студенттік орта туралы кеңінен таныстырды.
Кездесу барысында тыңдаушыларға университет тарихы мен оқу орнына есімі берілген көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі, ел мәдениеті мен руханиятына қосқан үлесі туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар арнайы бейнеролик көрсетіліп, жаңа тыңдаушылар университет өмірімен жақынырақ танысты.
Биылғы қабылдаудың географиясы да кеңейіп, Дайындық бөлімі халықаралық білім беру кеңістігіндегі өзара байланысты нығайтатын маңызды ортаға айналып келеді.
Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!
«КӘСІБИ ОРТАДАҒЫ ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ ӨТТІ
ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МЕН ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫ ЕҢБЕК!
КІТАПХАНА МЕН ТИПОГРАФИЯ ЖҰМЫСЫ НАЗАРДА
AI-Sana: студенттер ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГІН БАҒАЛАЙТЫН Mektep Pulse ПЛАТФОРМАСЫН ӘЗІРЛЕДІ
«SHE RUG 2026»: ДӘСТҮР МЕН КӘСІПТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
ҒАСЫР ҒҰМЫРЛЫ ҰСТАЗДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЮНИСЕФ ӨКІЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
СТУДЕНТТЕР АУЫЛ ӘЖЕЛЕРІНЕН КІЛЕМ ТОҚУДЫ ҮЙРЕНЕДІ