ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
2026 жылғы 15 қазанда Zhanibekov University-де докторанттарға арналған «Зерттеудегі жасанды интеллект: этика және жауапкершілік» тақырыбында танымдық кездесу өтті. Іс-шара университеттің коворкинг орталығында ұйымдастырылып, ғылыми зерттеулерде жасанды интеллект технологияларын тиімді, этикалық және жауапкершілікпен қолдану мәселелеріне арналды. Кездесуге ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Керімбеков Ержан Рахымжанұлы және Үндістанның Creanovation Technologies компаниясының қауымдастырылған вице-президенті, компьютерлік ғылымдар және инженерия саласының PhD докторы Dr. Vishwa Pratap Singh қатысты.
Өзара сұхбаттасу форматында өткен кездесуде жасанды интеллектіні ғылыми зерттеулерде қолданудың мүмкіндіктері мен өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, зерттеу үдерісінде академиялық адалдық қағидаларын сақтау, ғылыми деректерді жауапкершілікпен пайдалану, жасанды интеллект ұсынған ақпараттың дұрыстығын тексеру және зерттеушінің жеке жауапкершілігін арттыру мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар, жасанды интеллект құралдарын ғылыми жұмыстың сапасын арттыруға тиімді пайдалану, оларды қолдану барысында этикалық нормаларды сақтау және зерттеушінің сыни ойлау қабілетін дамыту мәселелері қозғалды.
Аталған кездесу докторанттардың жасанды интеллектіні ғылыми-зерттеу қызметінде саналы әрі жауапкершілікпен қолдану жөніндегі түсінігін кеңейтуге, академиялық адалдық мәдениетін нығайтуға және заманауи технологияларды ғылыми ортаға тиімді енгізудің маңызын түсінуге бағытталды. Zhanibekov University-де ұйымдастырылған мұндай танымдық кездесулер жас зерттеушілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ғылыми ізденістердің сапасын жақсартуға және зерттеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ