БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Басқарма төрағасы – ректор Қайрат Балабиевтің студенттермен кездесуі өтті. Кездесу барысында қатысушыларға ректордың өмір жолы мен кәсіби қалыптасуына арналған «Ректор болғанға дейін...» бейнеролигі ұсынылды. Сонымен қатар жастар әзірлеген «Егер мен ректор болсам...» бейнеролигі көрсетілді.
Ашық сұхбат форматында өткен сұрақ-жауап бөлімінде білім алушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, студенттік бастамалар мен университеттің дамуына қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Ректор Қайрат Балабиев студенттердің сауалдарына жауап беріп, жастардың белсенділігінің, тың идеялары мен қоғамдық бастамаларының маңыздылығына тоқталды. Кездесуге студенттік ректор Жұман Нұрзат модераторлық етті. Кездесудің басты мақсаты – университет басшылығы мен белсенді жастар арасындағы ашық диалогты нығайту, студенттік бастамаларды қолдау және білім алушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға арналды.
— Қазіргі жастар бізден де білімді, ақылды, жан-жақты. Мен сіздерді әрдайым мақтан етемін! Өйткені, зияткерлік, өнер, білім сайыстарында біздің студенттер топ жарып, университет намысын ғана емес, ел намысын асқақтатып жүр. Ал, ең бастысы, біздің университет — студенттері сабаққа 100 пайыз толығымен қатысатын білім ордасы. Мен бұған аудиторияларға тосыннан кіріп, оқытушылардың сабағын тексеру барысында көз жеткізіп жүрмін. Сондықтан, әркез осы бағыттан таймаңыздар, — деді Басқарма төрағасы.
Қайрат Рахымұлы жастардың барлық сауалдарына жауап беріп, олар айтқан ұсыныстар мен бастамаларды қолдайтынын жеткізді. Жаңадан ашылған корпустарда коворкинг орталығын ашу, қағаз көшірмесін шығаратын аппараттарды орнату, бас ғимараттағы ғылыми кітапхананың 12:00 ге дейін жұмыс істеуі, спорттық шараларға қатысуға қолдау білдіру сияқты көптеген ұсыныстарды мұқият тыңдаған Ректор өз кезегінде барлық мәселенің шешімін табуға уәде берді және алдағы уақытта да жеке ұсыныстар бойынша жастарды қабылдайтынын жеткізді. Сондай-ақ, студенттерді Қайрат Рахымұлының өмірлік тәжірибесі мен ұстанымы, қызметтік жолындағы белестері қызықтырып, толғандырған сауалдарына жауап алды. Кездесу естелік суретке түсумен қорытындыланды.

Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТТЕ» ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ!
УНИВЕРСИТЕТТЕ «ОЙ ҚОЗҒАУ» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ