Zhanibekov university logo

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ

29 Қазан 2026, 13:42
Медиа Орталық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында білім беру сапасын арттыру, мұғалімнің мәртебесін қорғау, педагогтерге қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіні тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Президент атап көрсеткен бұл міндеттер білім беру ұйымдары арасындағы сабақтастықты нығайтып, жас ұрпақтың сапалы білім алуына және болашақ мамандығын саналы таңдауына мүмкіндік беретін бастамалардың маңызын арттыра түседі.

Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру, мектеп пен колледж арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және өскелең ұрпақтың кәсіби бағдарын қалыптастыру мақсатында Сайрам ауданында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ жанындағы Жүсіпбек Аймауытұлы көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар – кәсіби бағдар беру және ынтымақтастықты дамыту» атты іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – колледж бен Сайрам ауданындағы жалпы білім беретін мектептер арасында білім беру саласындағы өзара тиімді байланысты нығайту, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, олардың қабілеті мен қызығушылығына сәйкес болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына ықпал ету, сондай-ақ білім беру сабақтастығын қамтамасыз ету.

Маңызды басқосуға Сайрам ауданы білім бөлімінің басшысы Бауыржан Ахметов, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-Ректоры Қайрат Балабиев, аудандағы мектеп директорлары мен 20 кәсіптік бағдар беру педагогі, ата-аналар қатысты. Іс-шара барысында Өзбекәлі Жәнібеков пен Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен мұрасын танытатын ақпараттық-танымдық бұрыш ашылды. Колледж атауы көрсетілген ақпараттық бұрыштың лентасы қиылып, қатысушыларға оқу орнының тарихы, білім беру бағыттары мен кәсіби даярлау мүмкіндіктері туралы мағлұмат берілді. Бұл бастама мектеп оқушыларының колледж өмірімен жақынырақ танысуына және мамандықтар әлемі туралы түсінігін кеңейтуіне жол ашады.

Жиында білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, оқушыларға кәсіби бағдар берудің тиімді жолдары және мектеп бітірушілердің болашақ білім алу бағытын дұрыс таңдауына қолдау көрсету мәселелері айтылды. Құттықтау сөз сөйлеген Бауыржан Талғатұлы мен Қайрат Рахымұлы білім беру саласындағы өзара байланыстың маңызын атап өтіп, жас ұрпақтың сапалы білім алып, қоғамға қажетті маман болып қалыптасуына бағытталған бастамалардың өзектілігіне тоқталды. Колледж студенттері өнер көрсетіп, қатысушыларға мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынды. 

Осыған ұқсас

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»

29 Қазан 2026, 10:33
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ

ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ

28 Қазан 2026, 12:48
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!

СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!

28 Қазан 2026, 10:42
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

27 Қазан 2026, 11:51
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

23 Қазан 2026, 17:58
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

23 Қазан 2026, 13:00
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

23 Қазан 2026, 11:03
«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТТЕ» ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ!

«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТТЕ» ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ!

23 Қазан 2026, 09:45
УНИВЕРСИТЕТТЕ «ОЙ ҚОЗҒАУ» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

УНИВЕРСИТЕТТЕ «ОЙ ҚОЗҒАУ» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

22 Қазан 2026, 17:20
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ГҮЛЗАТ КӨБЕНОВА УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАҢА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ГҮЛЗАТ КӨБЕНОВА УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАҢА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ

22 Қазан 2026, 17:12