«АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРУ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Университетте студенттерге академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыру, академиялық мәдениетті дамыту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Академиялық адалдық» тақырыбында түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға университеттің комплаенс офицері Қуанышбек Төребеков және Тәрбие және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Анарбаев қатысты.
Кездесу барысында академиялық адалдықтың мәні мен маңызы, оның білім беру жүйесіндегі орны, студенттердің оқу және ғылыми қызметтегі жауапкершілігі кеңінен түсіндірілді. Лекция барысында академиялық адалдықтың негізгі қағидалары – адалдық, әділдік, сенім, жауапкершілік және құрмет мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар плагиат, көшіру, өзгенің жұмысын иемдену, зерттеу нәтижелерін бұрмалау және рұқсат етілмеген көмекті пайдалану сияқты академиялық адалдықты бұзу түрлеріне нақты мысалдар келтірілді.
Сондай-ақ ғылыми және оқу жұмыстарын орындау кезінде дереккөздерге дұрыс сілтеме жасау, дәйексөздерді рәсімдеу, авторлық құқықты сақтау және ақпаратты бірнеше сенімді дереккөз арқылы тексерудің маңыздылығы айтылды. Қазіргі білім беру кеңістігіндегі өзекті мәселелердің бірі – жасанды интеллект құралдарын академиялық адалдық талаптарына сай пайдалану тақырыбы да назардан тыс қалмады. Студенттерге жасанды интеллект ұсынған ақпаратты тексеру, оны жауапкершілікпен қолдану және оқу орнының талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді. Іс-шара барысында студенттерге арналған ситуациялық сұрақтар қойылып, тапсырмалар ұсынылып, академиялық адалдыққа қатысты түрлі жағдаяттар талқыланды. Кездесу соңында академиялық адалдықтың тек оқу үдерісіндегі талап емес, әрбір білім алушының жеке жауапкершілігі мен болашақ кәсіби мәдениетінің маңызды көрсеткіші екені атап өтілді.
Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ