Zhanibekov university logo

ZHANIBEKOV UNIVERSITY QS ASIA UNIVERSITY RANKINGS 2027 РЕЙТИНГІНДЕ

4 Қараша 2026, 12:11
Медиа Орталық

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті екінші жыл қатарынан QS World University Rankings: Asia халықаралық рейтингіне енді!

2027 жылғы рейтинг нәтижесі бойынша университетіміз:

Азия университеттері арасында 1401–1500-орындар тобында;

Орталық Азия университеттері арасында 93-орында.

Биыл рейтинг ауқымы айтарлықтай кеңейіп, оған Азияның 26 елі мен аумағынан 1 722 университет енді. Қатысушылар санының артуы жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті күшейтті.

Университетіміздің осындай бәсекелі ортада екінші жыл қатарынан халықаралық рейтингте ұсынылуы — білім беру сапасын жетілдіру, ғылыми әлеуетті арттыру, академиялық ұтқырлық пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Бұл нәтиже — алдағы дамуымыз үшін маңызды бағдар. Университет ұжымына, профессор-оқытушы құрамына, білім алушылар мен серіктестерімізге ортақ іске қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!