ОҚПУ ЗЕРТТЕУШІСІ ӘСКЕРИ КАФЕДРАҒА ОҚЫТУШЫЛАРЫНА ДӘРІС ОҚЫДЫ
Әскери кадрлар мен мамандардың біліктілігін арттыру курсы аясында Түркістан және Шымкент қалаларындағы жоғары оқу орындарының әскери кафедра оқытушыларына арналған дәрістер өткізілді. Арнайы дәрісті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты «Әскери стратегиялық зерттеу орталығы» ұйымдастырды.
Аталған курс барысында Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, PhD доктор Ақбілек Мыңбаева дәріс оқыды. Дәрістер «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру», «Ғылыми адалдық және зерттеу этикасы», «Ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау» тақырыптарын қамтыды.
Сабақ барысында ғылыми зерттеулерді жоспарлау мен ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері, академиялық адалдық қағидаттары, зерттеу этикасын сақтау, ғылыми жарияланымдарды әзірлеу және халықаралық ғылыми дерекқорларда индекстелетін журналдарға мақала жариялау талаптары қарастырылды. Сонымен қатар әскери кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру, зерттеушілік дағдыларын дамыту және ғылыми нәтижелердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Осыған ұқсас
УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЮНИСЕФ ӨКІЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
СТУДЕНТТЕР АУЫЛ ӘЖЕЛЕРІНЕН КІЛЕМ ТОҚУДЫ ҮЙРЕНЕДІ
БИОЛОГИЯ МАГИСТРАНТТАРЫНА ИННОВАЦИЯЛЫҚ АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗДІ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY QS ASIA UNIVERSITY RANKINGS 2027 РЕЙТИНГІНДЕ
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ПЕН «ДАМУ ДАРА БАЛА» МЕКТЕБІ ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТАДЫ
ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ҚОЛДАУ — ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН
«АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРУ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»