AI-Sana: студенттер ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГІН БАҒАЛАЙТЫН Mektep Pulse ПЛАТФОРМАСЫН ӘЗІРЛЕДІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Информатика кафедрасының 4 курс студенті Арыстанбай Әбілмансұр AI-Sana бағдарламасы аясында білім беру саласына арналған Mektep Pulse цифрлық платформасын әзірледі. Жоба оқушылардың академиялық үлгерімімен қатар, мектеп өміріндегі белсенділігін, қоғамдық және шығармашылық жетістіктерін кешенді бағалауға бағытталған.
Платформаның басты ерекшелігі – GPA жүйесіне ұқсас интегралды бағалау моделінің қолданылуы. Оқушының сабақ үлгерімімен бірге түрлі іс-шараларға, конференциялар мен қоғамдық жобаларға қатысуы да арнайы балл арқылы бағаланып, оның жалпы көрсеткішіне әсер етеді.
Сонымен қатар, Mektep Pulse әр оқушының жеке портфолиосын қалыптастыруға, жетістіктерін жинақтауға және даму динамикасын бақылауға мүмкіндік береді. Ал мектепішілік іс-шаралар мен конференциялар туралы ақпарат арнайы хабарландырулар арқылы жеткізіледі.
Қазіргі уақытта платформа еліміздің білім беру ұйымдарында, соның ішінде 125 High School мектебінде қолданылуда.
Осыған ұқсас
«SHE RUG 2026»: ДӘСТҮР МЕН КӘСІПТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
ҒАСЫР ҒҰМЫРЛЫ ҰСТАЗДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЮНИСЕФ ӨКІЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
СТУДЕНТТЕР АУЫЛ ӘЖЕЛЕРІНЕН КІЛЕМ ТОҚУДЫ ҮЙРЕНЕДІ
БИОЛОГИЯ МАГИСТРАНТТАРЫНА ИННОВАЦИЯЛЫҚ АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗДІ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY QS ASIA UNIVERSITY RANKINGS 2027 РЕЙТИНГІНДЕ
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ПЕН «ДАМУ ДАРА БАЛА» МЕКТЕБІ ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТАДЫ
ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ҚОЛДАУ — ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН
ОҚПУ ЗЕРТТЕУШІСІ ӘСКЕРИ КАФЕДРАҒА ОҚЫТУШЫЛАРЫНА ДӘРІС ОҚЫДЫ