«КӘСІБИ ОРТАДАҒЫ ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ ӨТТІ
10 қараша күні №1 студенттер үйінің «Coworking» орталығында студенттердің тұлғалық дамуына, коммуникативтік қабілеттерін жетілдіруге және кәсіби ортада тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастыруға бағытталған танымдық тренинг ұйымдастырылды.
Тренингті ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, Халықаралық психология ғылымдары академиясының құрметті мүшесі, психолог, арт-терапевт, Психологиялық қолдау орталығының басшысы Гүлнара Тұрмаханқызы Айтжанова жүргізді.
Тренинг барысында студенттер кәсіби ортадағы қарым-қатынас мәдениеті, тұлғааралық байланыс орнату, өз ойын еркін әрі сауатты жеткізу, өзгені тыңдай білу және өзара түсіністік қалыптастырудың маңыздылығы туралы кеңінен мағлұмат алды.
Сонымен қатар тиімді коммуникацияның негізгі қағидалары, қарым-қатынас барысында кездесетін кедергілер және оларды еңсеру жолдары қарастырылды. Тренинг мазмұны студенттерге өздерінің қарым-қатынас жасау дағдыларын саралап, жаңа тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.
Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, тақырып аясында пайдалы ақпараттар алды. Тренинг олардың өзіне деген сенімділігін арттыруға, коммуникативтік дағдыларын дамытуға және болашақ кәсіби қызметінде тиімді қарым-қатынас орнатуға бағытталды.
Тиімді қарым-қатынас – тұлғалық дамудың, өзара түсіністіктің және кәсіби жетістіктің маңызды негізі!
Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!
ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МЕН ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫ ЕҢБЕК!
КІТАПХАНА МЕН ТИПОГРАФИЯ ЖҰМЫСЫ НАЗАРДА
AI-Sana: студенттер ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГІН БАҒАЛАЙТЫН Mektep Pulse ПЛАТФОРМАСЫН ӘЗІРЛЕДІ
«SHE RUG 2026»: ДӘСТҮР МЕН КӘСІПТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
ҒАСЫР ҒҰМЫРЛЫ ҰСТАЗДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЮНИСЕФ ӨКІЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
СТУДЕНТТЕР АУЫЛ ӘЖЕЛЕРІНЕН КІЛЕМ ТОҚУДЫ ҮЙРЕНЕДІ
БИОЛОГИЯ МАГИСТРАНТТАРЫНА ИННОВАЦИЯЛЫҚ АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗДІ