Өмірбаян
Қадірбаева Роза Ізтілеуқызы 10.09.1961 жылы қазіргі Түркістан облысы, Нұртас ауылында дүниеге келіп, сол жерде Амангелді атындағы орта мектепті 1978 жылы бітіріп шықты.
Сол жылы С.Киров атындағы ҚазМУ-нің Математика факультетіне оқуға түсіп, 1983
жылы «Математик.Оқытушы» мамандығын алды.
Еңбек жолы: Жезқазған педагогикалық институтының оқытушысы
(1983-1990), М.Әуезов атындағы Чимкент педагогикалық институтының аға оқытушысы
(1990-1995), Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент
институтында орталық басшысы, декан (1995-2008), ХҚТУ вице-президенті
(2008-2013), «Біліктілік арттырудың ұлттық орталығы «Өрлеу» АҚ Оңтүстік Қазақстан
облысының филиалында кафедра меңгерушісі (2013-2014), ОҚМПИ-дың «Информатика» кафедрасының
доценті және «Ғылыми-зерттеу бағдарламаларын сараптау орталығының» басшысы
(2014-2016), «Тарих және педагогика» факультетінің деканы (2016), Математика кафедрасының
меңгерушісі (2016-2021), Педагогикалық-инновация орталығының басшысы (2021),
2022-2023 оқу жылынан бастап бүгінге дейін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік
Қазақстан педагогикалық университетінің «Математика» кафедрасының доценті.
Марапаттары:
"ҚР ғылымын дамытуға
сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі (2009); ОҚМПИ-дың 80 жылдығы төсбелгісі
(2017); ҚР БҒМ "ЖОО үздік оқытушысы -2020" атағының иегері; ҒЖБМ-нің «Құрмет грамотасы» (2022);
"Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін"
төсбелгісі (2024).
Ғылыми-ізденіс жұмыстарының нәтижесінде 13.00.02 шифры бойынша педагогика ғылымдарының
кандидаты (1996), доцент (2002),
13.00.08 шифры бойынша педагогика
ғылымдарының докторы (2012) ғылыми дәрежелері мен атақтарына ие болды. Докторлық
диссертацияның тақырыбы: Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері. Университетте жұмыс істеу
кезеңінде «Алгебра және сандар теориясы», «Математиканы оқытуда компьютерлік технологияны
пайдалану» және «Ғылыми зерттеу әдістері» пәндерінен дәріс оқиды. Оқытушылық қызметпен
қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысады: соңғы 5 жылда 50-ден астам ғылыми-әдістемелік
еңбектер жарық көрді, оның ішінде Скопус базасындағы журналдарда – 7 (процентилі
35 тен жоғары); ЖБССҚЕК ұсынатын басылымдарда – 25; Халықаралық лицензияланатын
ғылыми журналдарда - 7; Шетелдік халықаралық конференцияларда – 15; 2 монография
мен 4 оқу құралы бар. Зерттеу жұмысында алынған нәтижелер бойынша 3 авторлық куәліктер бар. Ғылыми-әдістемелік еңбектердің жалпы саны - 160-тан астам. Оның ішінде соңғы
жылдардағы негізгі еңбектері:
1. Methodology of
application of blended learning technology in mathematics education // Cypriot Journal of
Educational Sciences, 17(4), 2022, 1117–1129. (авторлық бірлестікпен).
2. Investigation of Mobile Learning
Readiness of Students According to Tablet Usage // International Journal of Emerging Technologies
in Learning (iJET) – eISSN: 1863-0383,
2022, РР 74-86 (авторлық бірлестікпен).
3. Болашақ математика мұғалімдерін даярлау
процесінде аралас оқыту технологиясын қолданудың ерекшеліктері // Абылай хан
атындағы ҚазХҚжӘТУ Хабаршысы “Педагогика ғылымдары” сериясы, -Алматы, 2024. -№
4, Б. 415-437 (Қ.Әтірбекпен авторлық бірлестікте).
4. Формирование профессиональной
компетентности будущих учителей посредством разработки
информационно-коммуникационных предметных сред. Монография. Шымкент, типография
«Әлем» 2020. –204с. (А.Әмірбековпен авторлық бірлестікте).
5. Аралас
оқыту технологиясына кіріспе: монография. - Шымкент: «Әлем» баспаханасы, 2022. - 80 б.
6. Алгебра және сандар теориясы.Оқу құралы.
–Шымкент: «Әлем» баспаханасы, 2022.-180 б.
7.
Математиканы
оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану. Оқу құралы - Шымкент,
«Әлем» баспаханасы, 2020 ж. – 256 б.