Zhanibekov university logo
Image

Математика

Кафедра Физика-математика

« МАТЕМАТИКА»  КАФЕДРАСЫ

            «Математика» кафедрасының негізі 1938 жылы қаланған. 1938-1945 жылдары мұғалімдер институтында жалғыз ғана «Физика және математика» кафедрасы жұмыс істейтін еді, оның меңгерушісі Берн (Швейцария) университетін бітірген Шейнессон С.Г. болды. 1945-1954 жылдары бұл кафедра екіге бөлініп, математика (меңгерушісі Шейнессон С.Г.) және физика кафедралары құрылды  (меңгерушілері Горячко Г.В., Юделевич И.Г. кейіннен 1957-1971 жылға дейін Арипов Абдулла Әлімбайұлы).

Мұғалімдер институты педагогикалық институт болып қайта құрылғаннан кейін «Математика»  кафедрасы   1956 жылы екіге бөлінді: «Элементар математика» кафедрасы (меңгерушісі Бектаев Қ.Б. 1956-1971) және «Жоғары математика» кафедрасы (бұл кафедраның меңгерушілері қызметін доцент Цой А.Г. (1957-1958), (1960-1969), Цой И.П. (1958-1960), Абенова М.А. (1969-1974), Мамаев Л.И. (1974-1986) және Қырғызбаев Ж.Қ.(1986-1997) атқарды).

“Геометрия және математиканы оқыту әдістемесі” кафедрасы 1970 жылы ашылып оның меңгерушісі қызметін әр жылдары доцент Мостовой А.И. (1970-1977), доцент Абенова М. (1977-1989), доцент Ильясов Ш.М. (1989-1995), доцент Қ.Абдрахманов (1995-1997) атқарды. 1997 жылы бұл кафедралар «Жоғары математика» кафедрасына біріктіріліп, оның меңгерушісі қызметін доцент Қ.Абдрахманов (1997-2004), доцент Н.Иманбаев (2004-2007), доцент Абдрахманов Қ. (2007-2011) атқарды.

2011ж. шілдеде бұрынғы Шымкент педагогикалық институты қайта құрылып, «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты» ашылғаннан кейін 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап жоғары математика, физика және кәсіптік оқыту кафедралары біріктіріліп, «Математика, физика және кәсіптік оқыту» кафедрасы болып ашылды. Оның меңгерушісі болып ф-м.ғ.к., доцент Қ.Абдрахманов тағайындалды. Кафедрада 27 оқытушы-профессорлар жұмыс істеді, олардың 4-і ғылым докторлары, 17-і ғылым кандидаттары.

2012ж. «Кәсіптік оқыту» мамандығының бөлінуіне байланысты «Математика, физика және кәсіптік оқыту» кафедрасы  «Физика-математика» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі болып ф-м.ғ.к. Д. Бердалиев, 2016 жылдан бастап п.ғ.д. Р.И.Кадирбаева  тағайындалды. «Физика-математика кафедрасында»  5В011000-Физика, 5В010900-Математика, 5В012600-Физика-математика, 5В012800-Физика-информатика мамандақтарының және осы мамандықтардан магистратура мен докторантура ашылуына байланысты 2018-2019 оқу жылынан бастап кафедра «Физика» және «Математика» болып екіге бөлінді. Қазіргі таңда кафедрадағы білім беру мамандықтары 6В01501-"Математика мұғалімін даярлау",6В01513-"Математика IP" және 6В01508-"Математика-физика мұғалімін даярлау", 6В01520-"Математика-физика". 

Бүгінде «Математика» кафедрасының меңгерушісі - п.ғ.к. Жетпісбаева Г.О.  Кафедрада 20,75 штат бірлігінде 20 оқытушы-профессорлар жұмыс атқарады. Оның  ішінде ғылым докторы – 2 ( 2 доцент), ғылым кандидаты  - 15 (1 профессор, 5 доцент, 3 PhD, 6 аға оқытушы), магистр оқытушы - 3. Кафедраның  ғылыми дәрежелілігі   75 % құрайды.  

   Профессор Н. Иманбаевтың 0-ден жоғары  импакт-факторлы журналдарда (Thomson Reutors, Scopus, Shpringer) 10-нан астам мақаласы   жарық көріп,  Web of Science, Thomson Reuters ақпараттық деректер қорындағы Хирш индексі h=4-ке, Scopus ақпараттық деректер қорындағы Хирш индексі h=4-ке көтерілді. 2018-2019 оқу жылындағы университет профессор-оқытушылар құрамының арасындағы рейтингте 1908 балл жинап, I-ші көш басшы орынға ие болды және 1 монографиясы Германияда басылып шығарылды.  ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Ғылым Комитетінің 2015-2017 ж.ж. аралығында Математика және математикалық модельдеу институтынан жеңіп алған "Неусиленно регулярные спектральные задачи: Описание классов краевых условий и устойчивость свойства базисности корневых векторов" тақырыбындағы 0825/ГФ4 нөмірлі ғылыми жобаның жетекшісі болды. 2018 жылы, 2020 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) өткізген ұлттық рейтингтің жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушылар құрамының (ТОП-50) бас рейтингісіне енгізілді және  2018 жылы «Жоғары орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері болды.

Кафедра п.ғ.д., доцент Р.И.Кадирбаеваның жетекшілігімен ҚР БжҒМ-нің 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсына қатысып, «Болашақ математика мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін ақпараттық-коммуникациялық пәндік орталарды әзірлеу арқылы қалыптастыру» тақырыбында 14 768 955,98  тенге көлемінде грант ұтып алып, оның қорытынды есебі өткізілді.  Осы ғылыми-зерттеулерімізді   жалғастыру мақсатында биылғы жылы «Іске асыру мерзімі 12 ай 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа»  қатысып, нәтижесінде, «Аралас оқыту технологияларын қолдана отырып болашақ математика мұғалімдерін даярлау процесін жетілдіру» тақырыбында 5 млн тенге  қаржы көлемінде грант жеңіп алдық. Бұл жоба 2020 жылдың қазан айынан басталып, 2021 жылдың қазан айына дейін 12 ай жүргізіледі.

Соңғы 5 жылда  кафедрада 2 монография, 378 ғылыми мақала жарияланды, оның ішінде: жоғары импакт-факторы бар журналдарда: Scopus және Thomson Reuters, РИНЦ – 57; ККСОН басылымдарында – 56; халықаралық ғылыми конференциялар жинақтарында - 164; басқа басылымдарда  - 97; зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы 6 куәлік. Thomson Reuters және Scopus базасы бойынша кафедраның 2 оқытушысында Хирш индекстері бар: профессор Н.С.Иманбаевта - 5 (Thomson Reuters); 5 (Scopus), аға оқытушы М. А. Джаманқараевада – 1 (Thomson Reuters) және 1 (Scopus).

Кафедра педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Әмірбекұлының жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсына қатысып, «Ұжымдық конструктивті оқытудың міндетті нәтижелері негізінде педагог-математиктерді даярлау сапасын арттыру» тақырыбында 35 289 921 тенге көлемінде грант ұтып алып, оның қорытынды есебі өткізілді.Жүргізілген зерттеу қазіргі жалпы орта білім беру жүйесінің дәстүрлі оқыту үлгілерінен қоршаған ортамен саналы өзара әрекеттесуге және әртүрлі өмірлік жағдайларда шешімдерді өз бетінше іздеуге қабілетті интеллектуалдық полисубъектіні қалыптастыруға көшу қажеттілігін көрсететінін айқындады. Жоба аясында әзірленген интеллектуалдық полисубъектіні қалыптастыру технологиясы болашақ педагогтардың кәсіби ұтқырлықтың, шығармашылық белсенділіктің және жауапкершіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін негізгі құзыреттер жүйесін дамытуға бағдарланған. Аталған технологияның ғылыми-әдістемелік негіздемесі оның болашақ мұғалімдердің құзыреттілік және құндылықтық әлеуетін қалыптастырудағы тиімділігін дәлелдеді.