«Музыкалық білім кафедрасы» Оңтүстік Қазақстан облыстық Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық институтының «Тарих» факультетінің құрамында «Музыка секциясы» бөлімі атауымен 1973 жылы ашылды.
2004 жылдан бастап 050106-«Музыкалық білім», 2009 жылы 5В010600-«Музыкалық білім» мамандығы, 2019 жылдан 6В01403-«Музыка мұғалімін даярлау», 7М01403-«Музыка педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламалары Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің миссиясы мен стратегиялық мақсаттарына сәйкес, аймақта сонымен қатар, жалпы елімізде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті және бәсекеге қабілетті жоғары білікті педагог-музыка мұғалімдерін үздіксіз және жүйелі дайындайды.
Кафедра меңгерушісі қызметін атқарғандар: 1994-1996 жылдары Пернебек Момынұлы, 1996-1997 жылдары Ә.Нұрымов, 1997-1998 жылдары Д.Кемешев, 1998-2003 жылдары С.Жақсыбеков, 2003-2007 жылдары Қ.Шойынбаев, 2007-2011 жылдары п.ғ.к., доцент Ә.Утешева, 2011-2013 жылдары п.ғ.к. Л.Арипбаева, 2013-2015 жылдары филос.ғ.к. И.М.Куленова басқарды.
2015 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР «Мәдениет саласының үздігі», доцент м.а. Алена Төребекқызы Досбағанбетова кафедраны басқарып келеді.
Бүгінгі таңда кафедрада 25 оқытушы еңбек етеді, оның ішінде: 2 ғылым докторы, профессор, 3 ғылым кандидаты, 2 «Құрмет» орденінің иегерлері, 2 «ҚР мәдениет қайраткері», 8 «ҚР Мәдениет саласының үздігі». Барлық оқытушылардың базалық білімі білім беру қызметінің біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
«Музыкалық білім» кафедрасы әр жылдары НААР рейтингі және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингісі бойынша 6В01403-«Музыка мұғалімдер даярлау» білім беру бағдарламасы (бакалавриат) бірінші орында, 7М01403-«Музыкалық білім педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы (магистратура) НААР рейтингі бойынша 2-орында.
«Музыкалық білім» кафедрасы көптеген жылдар бойы бәсекеге қабілетті білікті педагог-музыка мұғалімдерін дайындау жолында білім алушыларға музыкалық білім саласында сапалы білім беру қызметін көрсету бойынша жүйелі жұмыстарын жүргізіп келеді.