Zhanibekov university logo
Image

Аударма ісі және шетел тілдері

Кафедра Филология

  Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің белді кафедраларының бірі. Өткен ғасырдың 50-жылдарында  филология факультеті құрылғаннан бері, жеке кафедра ретінде жұмыс атқаруда.

   Кафедраның құрамы ағылшын және неміс тілдерінің оқытушыларынан құрылды. Кафедра тарихында  Р.С. Кратцев, Р.В.Стеле, В.Г.Лобин, Ж.Тұнғатаров сияқты атақты ғалымдардың атқарған қызметі зор.

   1994-2019 жылдары кафедраны филология ғылымдарының кандидаттары Н.А. Авазбаев, И.С.Шохахов,  А.М.Қарақұлова  басқарды. 2019 жылдың қыркүйек айынан бері кафедра меңгерушісі қызметін  А.К. Дилдабекова атқарып келеді.

   85 жылдық тарихы бар  Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университінің аударма ісі және шетел тілдері кафедрасы оңтайландыру мақсатында бірнеше рет ағылшын тілі кафедрасымен біріктіріліп, кейін қайта жеке кафедра болып өз жұмысын жалғастыруда.



Cуретте кафедра меңгерушісі А.Н.Яцухин оқытушылармен  бірге.


   Н.А. Авазбаев, ф.ғ.д., шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған жылдары  көптеген ізденушілердің  ғылыми кандидаттық диссертацияларына жетекшілік жасап, ізденущілер абыроймен диссертацияларын қорғап шықты.

   А.М. Каракулова ф.ғ.к., Ұлыбритания, Бангор университетінде «Вербалды және вербалсыз коммуникация арқылы Еуропа және Азиялық этиникалық топтары арасындағы мәдениетаралық қарым-қатынастар» атты жоба бойынша ғылыми тағылымдама өтіп өз тәжірибесімен кафедра оқытушыларымен бөлісті.

           Кафедра меңгерушісі А.М. Қарақұлова кафедра оқытушыларымен бірге 

Суретте Германияның  Дортмунд  қаласының   «ETNOS» ізденіс орталығынның директоры,  Доктор Вальтер Фризен кафедра оқытушыларына тренинг-семинар  өткізуде.

   Шетел тілдері кафедрасында оқытушылардың дайындығы мен ғылыми, кәсіби деңгейін арттыруына ықпал жасалынады. Кафедраның профессор-оқытушы құрамы Алматы қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында « Заманауи педагогикалық технологиялар» білім бағдарламасы  аясында, Абылайхан атындағы ҚХҚжӘТУ «Педагогика мамандығының оқытушыларына шетел тілін оқыту курсы» негізінде, Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ, педагогикалық шеберлік орталығында біліктілік арттыру курстарынан өткен. Атап айтқанда, шетелде А.К. Дилдабекова, М.С. Сұлтанмұрат (Ньюкастл, Англия) білімін жетілдірді.  Сонымен қатар 2021 жылы кафедра оқытушылары  Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстандағы АҚШ елшілігімен бірге виртуалды оқыту “English Language Teaching  methodology and content development of online classes”  атты семинарына қатысып сертификат алды.

   Кафедрада тәжірибелі ұстаздар еңбек етеді. Кафедра  оқытушысы Қиясова Қ.Қ. 2020 жылдың тамыз айында ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институты және «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының «ЖОО-ның үздік оқытушысы - 2020» төсбелгісімен және 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Болгария және Малайзия мемлекеттерінде ағылшын тілін үйрету әдістемесі бойынша біліктілігін арттырған. «Қазақстан педагогтарының 100 жаңа есімі – 2022» атты Республикалық байқауға қатысып, жеңімпаз атанып 1-дәрежелі диплом және төсбелгісімен марапатталды.

Кафедра оқытушысы Қ.Қ Қиясованың. марапаттау сәті

 

   «ОҚМПУ-ға 80 жыл» төсбелгісімен кафедра оқытушылары Қ.Қиясова, А.К. Дилдабекова, Н.Т. Барысова, А.А. Бейсенбаева, М.А. Тайтелиева, Л.Т. Исахова жемісті еңбектері үшін марапатталды.

   Кафедраның профессор-оқытушылар құрамында:  ғылым кандидаттары  Қ.Қиясова, Л.Қарабаева, PhD докторы М.С. Сұлтанмұрат, тәжірибелі аға оқытушылар А.К. Дилдабекова, М.А. Тайтелиева, Л.Т. Исахова, Г. Сұлтанова, Ф. Артықбаева және  магистр-оқытушылар А.Мұсабекова, А. Даулетова, А. Ералиева, Қасымбекова Л.Ш., Мұратова М.,Алипбекова Ф., Сандыбаева А.Г., Шарахымбай А.К., Момбекова Ш.,Кангилова Р.Б.  жемісті еңбек етуде.

   Кафедра «Заманауи білім беру технологиясы аясында ЖОО-дағы шетел тілі сабағында мобильді оқыту және аралас оқытуды қолдану» ғылыми және әдістемелік бағытта  жұмыс атқарады. Осы бағытта Қ.Қ. Қиясованың, Л.Қарабаеваның, А.К. Дилдабекованың ғылыми мақалалары Импакт факторы жоғары индекстелетін ғылыми мақалалар (SCOPUS базасында)  басылымдарында жарық көрді.

     Кафедра оқытушылары университеттің 33 білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс  студенттеріне «Шетел тілі» пәнінен сабақ жүргізеді.


                          Кафедра оқытушылары кезекті ғылыми-әдістемелік семинарда

   Шетел  тілдері кафедрасы  Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуд мақсат етеді. Кафедрада білім алушылардың ағылшын тілінде ауызекі тілін дамыту және  мәдениетаралық қарым-қатынастарын дамыту үшін «English club» клубы жұмыс істейді. Үйірме жұмысы барысында қатысушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас ерекшеліктері және сөйлеу машығын артуда.

        6В02301- Аударма ісі мамандығының бізге өтуіне байланысты 2024 жылдың 29 тамызынан бастап кафедра атауы ғылыми кеңестің шешімімен  қайта қаралып, өзгертілді. 29 тамыздан бастап "Аударма ісі және шетел тілдері"  кафедрасы болып өзгертілді. 

Кафедра меңгерушісі А.К. Дилдабекова  кафедра оқытушыларымен бірге.