Zhanibekov university logo
Image

Өнер және білім

Факультет

Факультет тарихы 1969 жылдан бастап Шымкент педагогикалық институтында жалпы білім беретін орта мектептерге арнап «Бейнелеу өнері және сызу» пәні мұғалімдерін дайындау қолға алына бастады. Физика математика факультеті жанынан құрылған «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасын аға оқытушы Е.М. Кан басқарды. Алғашқы оқытушылар қатарына Л.П. Павловский, Л.Ф. Жиляковалар болды.

Бакалавриат:

  • 6В01201- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
  • 6В01403-Музыка мұғалімдерін даярлау;
  • 6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғалімін даярлау;
  • 6В02101-Дизайн

Магистратура   

  • 7М01201-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
  • 7М01403-Музыкалық білім педагогін даярлау
  • 7М01404-Көркем еңбек және сызу педагогін даярлау
  • 7М01406-Кәсіптік оқыту педагогін даярлау   

Докторантура:

  • 8D01406 – Кәсіптік оқыту педагогін даярлау
  • 8D01407 – Бейнелеу өнері және сызу педагогін даярлау

Өнер және білім факультетінде үш кафедра бар:

  1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
  2. Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері
  3. Музыкалық білім


        Факультеттің қалыптасып дамуы барысында Одақ, Республика көлеміндегі белгілі көркем-өнер оқу орындарынан білікті мамандар шақырыла бастады. Олардың қатарында Скородин Ю.И., Почукаева З.В., Ломакин Ю.И., Халмуратов Ж.И., Тастемиров Қ.Т., Савостина Л.М.  т.б. болды. Сонымен қатар кафедранның алғашқы түлектері Ералин Қ.Е., Загоденко Ю.И., Никонов Г.В., сияқты оқытушылар қызметке қалдырылды.

        Студенттер құрамының артуына байланысты үш кафедрадан тұратын «Көркем, сурет және графика» факультеті болып қайта құрылды. Факультетті аға оқытушы Кәдеев И.У. басқарды.

        ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы №722 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты қайта ашылды.  2013-2014 оқу жылында «Жаңа технология және өнер» факультеті құрылды. 2017 жылы атауы «Кәсіптік - шығармашылық» факультеті болып оны п.ғ.д., профессор, Қазақстан ПҒА академигі Медеубек  Жұматайұлы Тәңірбергенов басқарды. Факультеттің атауы 2020 жылы Өнер және білім болып өзгертілді. Қазіргі таңда факультет деканы п.ғ.к.,  Айдайқыз Еркінбекқызы Байбатшаева.

        Қәзіргі таңда факультетте ҚР «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары» мемлекеттік грант иегері Д.Қ. Пошаев(2016ж.) еңбек етеді. Сонымен қатар  педагогика ғылымдарының докторы, профессор,  педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Phd докторы,  ҚР мәдениет қайраткерлері, магистр аға оқытушылар абыроймен қызмет атқарып келеді. Факультетте 4 бакалавр , 4 магистратура, 2 докторантура мамандықтары бойынша дайындайды.

         Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей сияқты  шетелдердің жоғары  оқу орындарымен халықаралық байланыс жасайды. Сонымен қатар факультет студенттері халықаралық жарыстарда, республикалық пән олимпиадасында бірнеше рет жүлделі орындарды иеленіп, оқу орнымыздың мерейін асыруда.

 

Факультеттің әлеуметтік желідегі парақшаларына сілтеме:

https://www.facebook.com/share/1ER6jP2eiX/?mibextid=wwXIfr