31.10.2024ж. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Мектепке дейінгі дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі білім беру процесіндегі заманауи тенденциялар» атты республикалық ғылыми семинардың кезекті бірінші отырысы өткізілді.
Республикалық ғылыми семинарға Қазақ Ұлттық Қыздар мемлекеттік университетінің доценті, п.ғ.к. А.М. Жұбандықова, М.Әуезов ОҚУ, PhD, аға оқытушысы Ж.Ш. Жияшева, М.Х.
Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, п.ғ.к.Р.Қ. Керимбаева, Абай атындағы Қазақ Ұлттық университеті, PhD., аға оқытушы С.Ж. Еркебаева, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ, п.ғ.к. аға оқытушы Р.Ж. Исманова, Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ ф.ғ.к. аға оқытушы Г.Т. Танабаева, Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ Phd, аға оқытушы Ж.А. Мамытбаева, ф.ғ.к., доцент З.Керімбаева, п.ғ.к. А.Ж.Алдияров, ф.ғ.к Ф.А.Аймурзаев, А.А.Султанбекова, Б.А.Мустафаева, Амантай Ж.Б және магистрантар қатысты.
Семинар барысында «Ерте жастағы балалардың даму психологиясы: стресс пен эмоционалдық климаттың оқу мен мінез-құлқына әсері» тақырыбы бойынша талдау жасалды. Спикер п.ғ.к., аға оқытушы Р.Ж.Исманова ерте жастағы балалардың стреске түсуі олардың жан-жақты даму психологиясына кері әсер ететін түрлі факторларды атап, ғылыми зерттеулерге талдау жасады. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, п.ғ.к. Р.Қ. Керимбаева аталған мәселе бойынша пікір білдіріп, баланың дұрыс дамуы жақсы ұстазға байланыстылығын атай келіп, ЖОО мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларына өзгерістер енгізу қажеттігін атады.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық университеті, PhD., аға оқытушы С.Ж. Еркебаева да балалар психологиясын тереңдете оқыту керектігін атап, бірлескен бағдарламалар, ерте жастағы балалардың психологиясын зерттеу бойынша ғылыми жобаларды бірлесе отырып жасауды ұсынды.
Республикалық семинар барысында ғалымдар бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі ерте жастағы балалар психологиясы бойынша пікір алмасты.