Факультет тарихы
Факультет тарихы 1937 жылы құрылған университет тарихынан бастау алады. Әр жылдардағы құрылымдық өзгерістерге байланысты факультет атауы «Тарих-филология», «Тарих», «Тарих және заң», «Тарих және педагогика», «Тарих және кәсіби білім», «Педагогика және психология», «Бастауыш білім», «Бастауыш білім және педагогика» деп аталған.
Факультет төмендегі мамандықтар бойынша қызмет көрсетеді:
Бакалавриат:
Магистратура:
Докторантура:
Тарих және педагогика факультетінде алты кафедра бар:
«Тарих» факультетін ғалым Р.Барлыбаев, т.ғ.к., доцент Ә.И.Ибраев, т.ғ.к., доцент Қ.Ізтілеуов, т.ғ.д., доцент С.Жолдасов, т.ғ.к., доцент С.Әбубәкіров, университет тарихында әйелдер арасынан шыққан тұңғыш декан т.ғ.к., доцент Б.Исабек атқарды. Ал тарихы 1960 жылдан басталатын «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасы «Тарих-филология» факультетінінің құрамында болды. 1974-1975 оқу жылында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» факультеті болып қайта ашылған. Факультет деканы қызметін т.ғ.к., доцент В.И.Белоглазов, ф.ғ.д., профессор К.Сыздықов, ф.ғ.к., доцент О.Жұмашев, п.ғ.к, доцент Б.Н.Беглов, п.ғ.д., профессор Л.Сманов, п.ғ.к., доцент Ш.Арзымбетова, п.ғ.д. Р.І.Кадірбаева атқарды.
Оқу орнының ғылыми кеңес шешімімен 2015-2016 оқу жылында «Бастауыш білім» факультеті құрылып, факультетті ф.ғ.к. Э.Б.Оразбаева басқарды, факультетте 3 мамандық дайындалды, ал 2016-2017 оқу жылында факультет аты «Бастауыш білім және педагогика» болып өзгертілді де, факультетте 5 мамандық дайындалды.
Ғылыми кеңес мәжілісінің шешімімен (№1 хаттама, 31.08.2017ж.) Педагогика-гуманитарлық факультеті болып өзгертіліп, 2017-2018, 2018-2019, 2019-2020 оқу жылдары факультет осылай аталды және 7 мамандық бойынша білім бакалаврлары, 4 мамандық бойынша магистрлер, 2 мамандық бойынша доктаранттар дайындалды.
2020-2021 оқу жылында Ғылыми кеңес мәжілісінің шешімімен «Тарих және педагогика» болып өзгерді. Қазіргі уақытта факультет деканы қызметін п.ғ.к., аға оқытушы Таутаева Г.Б. атқаруда.
Факультетте 5 ғылым докторы, 50 ғылым кандидаты, 16 аға оқытушы, 23 магистр, 4 PhD жұмыс істейді.
Қазіргі таңда факультетке қарасты кафедралардың білім қызметі құрылымы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мазмұны, мемлекеттік қызмет бақылау талаптары, әлеуметтік мемлекеттік саясат қағидаларына сай материалды-техникалық базаның дамыған жағдайында жүзеге асырылып отыр. Арнаулы кабинеттер мен дәрісханалар заманауи жабдықтармен (компьютер, интерактивті тақта және т.б.) жабдықталған. Факультетте дайындалатын мамандықтар бойынша білім алушыларға әлемдік және ұлттық руханият, имандылық пен адамгершілік тәрбиесі, ізгілендіру, қоғамның жоғары саналы азаматы ретінде қалыптасуына ықпал етіп, білім саласында кәсіби қызмет мазмұнын толыққанды меңгеруіне және сапалы кәсіптік білім алуына, мәдени танымының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Факультеттің әлеуметтік желідегі парақшаларына сілтеме:
Instagram - https://www.instagram.com/okpu.tarih_pedagogika?igsh=MWtoa202Nm9qMHpnZQ==
Facebook - https://www.facebook.com/profile.php?id=100086377834708&mibextid=ZbWKwL