Zhanibekov university logo
Image

Қазақ тілі мен әдебиеті

Кафедра Филология
Image

Молданова Жазира Ілесқызы

     

     Молданова Жазира Ілесқызы 1979 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. 2000 жылы  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент бөлімінің филология факультетін үздік бітірген соң, осы оқу орнының Түркітаным кафедрасында лаборант, кейінірек оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарды.

2011-2013 жылдары ОҚМПУфилология факультеті деканының орынбасары, 2016-2021 жылдары Оқу-әдістемелік басқармасы Практика бөлімінің басшысы қызметінде болды. 2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушы қызметін атқарып келеді.

2012-2014 жылдары ф.ғ.д., профессор Н.В.Дмитрюктің жетекшілігімен «Мәдениаралық коммуникация: қазақ мәдениетінің менталды таңбаланған концептілері, әлеуметтік теңдестік және төзімділік» тақырыбындағы ғылыми жобада жұмыс жүргізіп, «Қазақша ассоциациялық сөздікті» (Дмитрюк Н.В., Молдалиева Д.А., Нарожная В.Д., т.б.) жарыққа шығарды. «Диктанттар жинағы» (Б.Ысқақ, С.Байменовамен бірге),  «Қазақ тілінен тест тапсырмалары» (Б.Ысқақпен бірге), «Кірме сөздер сөздігі» (Г.Еркебаевамен бірге) атты еңбектері жарық көрді. Зерттеу жұмысы бойынша 40-тан аса ғылыми мақала  жариялаған.

2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастырылуымен өткен «Мемлекеттік тілдің үздігі» интеллектуалдық олимпиадасына қатысып, жүлделі І орынға ие болған.

2016 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының жас оқытушылары арасында өткізілген «ХХІ ғасыр педагогы» атты республикалық байқауға қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қолжеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталады.