Zhanibekov university logo
Image

Қазақ тілі мен әдебиеті

Кафедра Филология
Image

Нұрпейісов Нариман Жұмашұлы

    

     Нұрпейісов Нариман Жұмашұлы 1958 жылы 10 қаңтарда бұрынғы Шымкент облысының (қазіргі Түркістан) Сарыағаш ауданындағы Красино селосында («Дархан») дүниеге келген.

1965-69 жылдары Созақ ауданының Ақсүмбе ауылындағы Ворошилов бастауыш мектебінде (С.Қожанов атындағы) білім алады, 1969-75 жылдарында Қаратау совхозындағы Панфилов орта мектебінде оқып орта дәрежелі білім алып шығады.

Мектеп бітірген күндерден бастап еңбекке араласқан ол туған ауылында әр алуан жұмыстарды атқара жүріп 1977-1979 жылдары Кеңес армиясы қатарында  Моңғолия жерінде Отан алдындағы борышын өтеп қайтты. Әскер қатарынан оралғаннан кейін 1979-1980 жылдары Шымкент педагогикалық институтының дайындық курсында тыңдаушы болды, еңбекке араласты.

1980 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, университетті 1985 жылы  бітіріп шығады. Одан әрі Абай атындағы Саран педагогикалық училищесінде оқытушы болып ұстаздық еңбек жолын бастаған ол 1995 жылға дейін осы оқу орнында еңбек етті. ҚР оқу ісінің үздігі атағын алды. 1995 жылдан бастап Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарына қызмет ауыстырған Нариман Жұмашұлы 1996 жылдан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі  қызметтерінде болды.

2012 жылдың тамыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, 2014 жылдан филология факультетінің, 2016 жылдан филология және тарих факультетінің, 2017 жылдан кешкі оқыту және дайындық факультетінің деканы, 2019 жылдан филология факульттінің деканы  болып еңбек етті. 2021 жылдан қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы болып еңбек етеді.

Н.Нұрпейісов 1990 жылдардан бастап ғылыми жұмыстармен айналысты. 1998 жылы Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация  қорғады.

Нариман Жұмашұлының баспасөз бетінде, ғылыми журналдарда, конференция материалдарында жарық еңбектері өте мол. Сонымен қатар ғалымның Е.Ысмайылов - әдебиет тарихын зерттеуші. Монография. (1999), Дүрбелеңді дәуір зерттеушісі. Ғылыми жинақ. (2002), Е.Ысмайылов және қазақ әдебиетінің кейбір мәселелері. Оқу құралы. (2004), Әулиелі Ақсүмбе – періштелі Ақбикеш. (2006), Мұхтартану. Лекциялар курсы. Оқу құралы. (2009),  Әдебиет және сын мәселелері. Оқу құралы. (2009), Ұлттық руханиятпен - әлемдік өркениетке. (2010), Қазақ әдеби сынының өзекті мәселелері. Оқу құралы (2010), Абайтану. Оқу құралы (2013), Е.Ысмайылов және әдебиеттану мәселелері. Оқу құралы (2013), Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Оқу құралы. (2016), Саттартану. Оқу-әдістемелік нұсқау. (2016), Қожановтану. Оқу-әдістемелік нұсқау. (2024), Әдеби сын тарихын зерттеудің өзекті мәселелері. Оқу-әдістемелік құралы. (2022), Е.Ысмайылов және ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы мәселелері. Оқу-әдістемелік құралы. (2022) атты жарық көрген ғылыми-зерттеу кітаптары  бар.

Нариман Нұрпейісов баспасөз бетінде жиі көрініп, қоғам, дәуір үніне дер кезінде үн қатады, соның ішінде әдебиеттану мәселелері, әсіресе  қазіргі әдеби процесс, сын мәселелері бойынша еңбектері өте мол жарияланып отырады.

Н.Нұрпейісовтің басылымдарда, ғылыми-көпшілік журналдарда, ғылыми конференция материалдарында 350-ге жуық еңбегі жарық көріпті. Ал, оқулықтары мен оқу құралдарының, публицистикалық жинақтары мен монографияларының өзі жиырмаға тартады.