Халикова Нурила Сатыбалдықызы 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Тасарық ауылында
дүниеге келді. 1982-1992 жылдары Блинков атындағы орта мектепте оқып, үздік
бітіріп шықты.
1992-1996 жж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ
мемлекеттік ұлттық университеті (бакалавр) қазақ
тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша
бакалавр акадамиялық дәрежесі және филолог оқу орнының қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің оқытушысы мамандығын бітірген. 1996-1998 жж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті
әдебиеттану мамандығы бойынша магистратура бітірген.
27.02.2008 ж. Қазақстан республикасы Білім және ғылым
министрлігінің білім және ғылым сапасындағы бақылау комитетінің №3 хаттамасы
шешімімен филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді
Еңбек жолын1997-1999
ж. – Алматы қаласы № 140 им. М.Макатаев атындағы
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметмен
бастады. 1999-2000 ж. – Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы Шымкент қаласы филиалында қазақ тілі пәнінің мұғалімі, 2000-2002 ж.
– Тәуелсіз «Арман» гимназиясы мен Облыстық № 2 «Дарын» мектеп-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі, 2002-2020 жж. –
М.Әуезов атындағы ОҚМУ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, 2020
жылдан бастап ОҚМПУ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды.
100-ден астам ғылыми мақалалары Республикалық,
аймақтық конферен-циялар материалдары жинағында, Маманданған ғылыми журналдар
және басылымдарда жарық көрген.5 астам оқу-әдістемелік
құралдарының авторы, «Эссе табиғаты және оның жазу әдістемесі» атты оқу-әдістемелік
құралдың авторы.
Бірнеше рет біліктілікті арттыру курстарынан өткен.ҚР БҒМ
Ғылым комитеті А.Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институты, «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің тілдік тұлғасы және
кәсіби құзыреттілігі» тақырыбында 72 сағат біліктілікті арттыру сертификаты, ҚР
Ғылым және білім интеграциясы
институты«Заманауи білім беру парадигмалары және филологиялық пәндерді оқытудың
инновациялық технологиялары», 72 сағат,
сертификат т.б. біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
«Қазақ тілі мен әдебиетін инновациялық технология бойынша
оқыту», «Қазақ әдебиетін инновациялық оқыту», «Қазақ әдебиетіндегі дәстүр және
жаңашылдық» т.б. пәндерден сабақ береді.
2023 жыл, июльSemantic Features of Color in Emotional,
Expressive Words: The Concept of “Blue” in the Kazakh Language// International Journal
of Society, Culture & Language (Том 11, 2 бөлім) Скопус базасына енген
рейтингісің жоғары журналда мақаласы шықты.
Отбасылы, 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.