Zhanibekov university logo
Image

Қазақ тілі мен әдебиеті

Кафедра Филология
Image

Досыбаева Айткүл Бейсенбаевна

  

  ДОСЫБАЕВА АЙТКҮЛ БЕЙСЕНБАЕВНА

(филология ғылымдарының кандидаты., ҚР Жазушылар одағының мүшесі)

Досыбаева Айткүл Бейсенбаевна 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген. 1978-1988 жылдары қазіргі М.Шаханов атындағы орта мектепті бітірген. 1989 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1994 жылы аяқтаған. 1994-1998 жылдары Алматы қаласы, Бостандық ауданы №21мектеп-лицейінде, 1999-2005 жылдары Алмалы ауданы №144мектеп-гимназиясында орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен. 2003 жылы «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін» Алматы қаласы, Алмалы ауданы әкімінің және «Ауданның оқу жүйесіне қосқан шығармашылық еңбегі және жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту ісіндегі үздік жетістіктері үшін» аудандық оқу бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталған.

2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде ф.ғ.д., профессор Р.Тұрысбектің жетекшілігімен, «Ж.Аймауытұлының шығармашылық шеберлігі» атты кандидаттық диссертация қорғады. 2005-2011 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде, 2011 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақ тілі және қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы қызметін, 2022 жылдан Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да аға оқытушы қызметін атқарып келеді. 2010 жылы «Жүсіпбек Аймауытұлының шығармашылығы» атты монографиясы және «Жүсіпбектану» пәнінен лекциялар жинағы (I-II бөлім) оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді. 100-ден аса ғылыми-зерттеу мақалаларының авторы. “Өнегелі өмір” сериясы “Бердібек Сапарбаев” кітабы және “Құлбек Ергөбек”  кітаптарын құрастырып дайындаған. “Ерен де берен Бердібек” естелік кітабының редакторы, “Ананы аңсау” атты эссе кітабының авторы, “Алашорда әдебиеті және Жүсіпбек Аймауытұлы” монографиялық еңбек авторларының бірі. Қырғыз Республикасы әдебиет және өнер академиясының докторантурасында “Орта Азия халықтары әдебиеті және Ж.Аймауытұлы шығармашылығы” атты тақырыпта ізденіс жасауда.