САПАРБАЕВА ҚАРЛЫҒАШ ЖЫЛҚЫБАЙҚЫЗЫ
филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
Сапарбаева Қарлығаш Жылқыбайқызы 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы,
Отырар ауданы, Талапты ауылында дүниеге келген.
1984 жылы аудан орталығындағы №4
мектеп-интернаттың 1-сыныбына қабылданып, 1994 жылы «Қоғам» орта мектебін үздік
аттестатпен бітіріп шығады. Осы жылы қазіргі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінінің (бұрынғы Шымкент
қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент
филиалы) филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курсына
қабылданады.
1998 жылы аталған жоғары оқу орнын қызыл
дипломмен бітіріп, Оңтүстік Қазақстан университетінің қазақ тілі және түрік
тілі кафедрасына лаборант және оқытушы, 2001 жылы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің Шымкент институтының қазақ әдебиеті кафедрасына оқытушы болып
қызметке қабылданады.
2005-2011 оқу жылдары аралығында
Филология факультеті деканының орынбасары қызметін атқарады.
2009 жылы 30 қазанда Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институты жанындағы филология ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін беру жөніндегі Д 53.34.01 диссертациялық кеңесте филология
ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Сәрсенұлы Ергөбектің жетекшілігімен
10.01.02 – Қазақ әдебиеті мамандығы бойынша «1950-1970 жылдардағы қазақ балалар
әдебиетіндегі көркемдік ізденістер (Әнуарбек Дүйсенбиевтің әдеби мұрасы
негізінде)» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын табысты қорғап, филология
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.
2011-2012 оқу жылында қайта ашылып,
қалпына келтірілген Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының
Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы,
2012-2014 жж. Филология
факультетінің деканы, 2014-2016 жж. Оқу-әдістемелік басқарма басшысы,
1.09-22.11.2016 ж. Ректор көмекшісі, 2016-2018 жж. Қазақ және әлем әдебиеті
кафедрасының меңгерушісі, 2018-2020 жж. Университет Ғылыми кеңесінің ғалым
хатшысы қызметтерін абыройлы атқарды.
2020 жылдың тамыз айынан бері Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға
оқытушысы.
Қазақстан Республикасының ЖОО
педагогикалық мамандықтарының оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы
бойынша 240 сағат, ҚР педагог кадрлардың
біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы негізінде әзірленген педагог
кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша
білім беру бағдарламасы бойынша 232 академиялық сағат, «Білім беру сапасын көтерудің
жоба менеджменті» бойынша 32 сағат,
Курсераның біліктілік курстарынан өткен. Бірнеше халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық деңгейде өткен
ғылыми, әдістемелік, тәрбиелік іс-шараларға қатысып, сертификат алған.
Қ.Ж.Сапарбаева - ұйымдастырушылық қабілеті аса жоғары, өз
ісін жетік білетін, берілген тапсырмаларды дер кезінде жауапкершілікпен
орындайтын тәжірибелі маман.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының
әлеуметтік желілердегі парақшасын жүргізуге жауапты. 2021 жылдың ақпан, наурыз айларында жасалған есепті кезең қорытындысы
бойынша әлеуметтік желідегі парақшалардың жүргізілу рейтінгісінде Қазақ тілі
мен әдебиеті кафедрасы тұрақты 1-орын алуы университеттің сала минстрлігі
рейтингісінде 21-орыннан 5-орынға көтерілуіне өз ықпалын тигізді.
Қ.Ж.Сапарбаева қашықтан оқыту форматына
көшкен кезде онлайн форматта
республикалық деңгейде ақын-жазушылармен, ғалымдармен, білікті мамандармен
оннан аса кездесу ұйымдастырып, өткізді. Бұл кездесулер студенттердің мамандығына деген сүйіспеншілігінің артуына
және шығармашылықпен айналысуына оң әсер етті.
Тәлімгерлік ететін оқу топтарында ғана
емес кафедра даярлайтын барлық топ студенттерімен тәрбиелік маңызы бар
іс-шаралар өткізіп, рухани кездесулер ұйымдастырып, студенттерді қоғамдық
жұмысқа белсене араластырады.
Бірнеше халықаралық, республикалық
ғылыми-практикалық конференция, семинар сертификаттары мен ҚР БжҒМ Акредиттеу
туралы куәлігін иеленген.
Институт ректорының (2011, 2016, 2017),
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің (2012) Алғыс хаттарымен, ҚР Білім және ғылым
министрлігінің «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2013),
«ОҚМПУ -80 жылдық» төсбелгісімен (2017), БҒМ «Құрмет» грамотасымен
марапатталған.
50-ден аса ғылыми және публицистикалық
мақалалардың, 3 оқу-әдістемелік оқу құралының авторы. Республикалық, облыстық, қалалық шығармашылық
ұйымдардың бейресми мүшесі. Қалалық, республикалық, халықаралық баспасөзде
ғылыми, әдеби, сын мақалалары жарияланып тұрады.
ОҚМПИ-дың 80 жылдығына орай шығарылған мерекелік журналдың бас редакторы, институттың 80 жылдығына арналған «Уақыт өрнектері» кітабының құрастырушысы және бас редакторы, институттың 80 жылдығына арналған «Естеліктер керуені» жинағының құрастырушысы және бас редакторы болды.