Әбдіғаппар Ақмарал Төрегелдіқызы 1978 жылдың 16 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Көксарай елді мекенінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1984 ж. Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепке барып, 1995 ж. үздік аттестатпен бітіреді. Жастайынан білімге құштар болып, ұстаздық жолды таңдайды. 1995 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөлімшесіне оқуға түсіп, 1999 жылы Қазақ тілі және әдебиеті оқытушысы мамандығы бойынша жоғары білім алады. Еңбек жолын 1999 жылы Төлеби ауданы, Ленгер қаласындағы Б.Момышұлы атындағы қазақ-орыс мектебінде мұғалім болып бастайды. 2000-2009 жылдары Қазақ-араб университетінде (кейін Отырар университеті) "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істейді. 2009 жылдан 2020 жылға дейін Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің "Филология"факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында магистр, аға оқытушы қызметін атқарады. 2013 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие болады. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Silkwаy Халықаралық университетінде "Тілдік пәндер" кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарады. 2022 жылдын қыркүйек айынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Филология факультеті "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасында магистр оқытушы болып қызмет етуде.
Білім беру саласындағы негізгі мақсаты – шәкірттерге терең әрі сапалы білім беріп, олардың тұлғалық және кәсіби дамуына үлес қосу. Бос уақытында ғылыми зерттеулермен айналысып, өз білімін жетілдіруге көңіл бөледі.