Zhanibekov university logo
Image

Химия

Кафедра Жаратылыстану
Image

Туртабаев Сарсенбек Қойшыбаевич

Тұртабаев Сәрсенбек Қойшыбайұлы

техника ғылымдарының докторы, профессор. Өзбекәли Жәнибеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Жаратылыстану факультеті, Химия кафедрасы. 


       1977 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультетін бітірген.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1977 жылы Қазақ химия технология институтында (ҚазХТИ) инженер қызметінде бастаған( Шымкент қ.). 1978 мамырдан 1979 желтоқсан аралығында Советтік армия қатарында қызмет атқарған. 1980 жылы декабрь айында Ленсовет атындағы Ленинград химия технология институтының (ЛТИ им.Ленсовета. Ленинград қ.) аспирантурурасының күндізгі бөліміне оқуға қабылданған. 1984 жылы оқуды сәтті аяқтап 1986 жылы маусым айында химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін  алу үшін дайындалған диссертациясын Ленсовет атындағы ЛТИ сәтті қорғады. 1985-тен 1993 жылдар аралығында ҚазХТИ-да оқытушы, аға оқытушы, доцент м.а., доцент (1993 жылы алған) қызметтерін атқарды.

1987-1992 жылдар аралығында ҚазХТИ-да аспирантура-доктарантура бөлімінің меңгеруші қызметін атқарды.

1988-1991 жылдары ҚазХТИ мен Шымкент қорғасын заводы арасында түзілген шаруашылық  келісім шарттың  (хоздоговор), 20000 мың сом, ғылыми жетекшісі болған.

1993-тен бастап Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазатүрік университетінде (ХҚТУ) қызмет атқарды:

-1993 ХҚТУ Шымкет институтында химия-биология факультетінің деканы;

-1994-1997 жылдары Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының меңгерушісі;

-1997-2000 жылдары оқу бөлім бастығы;

-2000-2002 жылдары «Сырдария» университетінде атқарушы ректор (Жетісай қ.);

-2002-2003 жылы Шымкент институтында доцент;

-2003-2004 Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ-нің оқу ісі жөніндегі аудиторы;

-2004-2008 жж. Шымкент институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

-2008-2013 жж. Қ.А.Ясауи ат.ХҚТУ-нің оқу ісі жөніндегі вице-президенті;

-2013-2014 ж. ғылыми департамент директоры;

-2014-2015 ж. Жаратылыстану ғылыми-зерттеу институтының директоры;

-2015-2017 жж. Инженерия факультетінің деканы;

-2017-2018 ж. Медицина факультетінің деканы;

-2018 ж. сентябрь айынан бастап Экология және химия кафедрасында профессор қызметін атқарды.

-2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Өзбекәли Жәнибеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Химия кафедрасында педагогикалық жұмысын профессор қызметінде жалғастыруда.

2007 жылы Ташкент қ. Техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын қорғаған. 2008 жылы ҚР БҒМ БҒСБК 2008 жылғы 31 қазандағы №7 хаттамасымен техн.ғ.д. дәрежесі берілген.

2010 жылы ақпан айында ҚР БҒМ Бақлау комитетінің шешімімен профессор ғылыми атағын алған. 

2007-2013 жж. Халықаралық Темпус бағдарламасында орындаушы болған.

Бүгінге дейін 160-тан астам ғылыми, оқу-әдістемелік және патенттері жарық көрген.

4 – кандидаттық ғылыми дәреже ізденушіге екінші ғылыми жетекші болған( Утебаев А., Пилипенко С., Шаграева Б., Жаркинбеков М.).

2014 жылдан бастап М.Әуезов ат. ОҚМУ-дегі органикалық және бейорганикалық заттардың  химиялық технологиясы бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі.

Электронды почтасы: sarsenbek.turtabayev@ mail.ru