НИЯЗЫМБЕТОВ АСХАТ
Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
Ниязымбетов Асхат Дүйсенбекұлы 1967 жылы ОҚО Түлкібас ауданы Түлкібас бекеті
Кемербастау елді мекенінде дүниеге келген. 1984
жылы
Түлкібас станциясындағы №11 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепті бітірді.
1985-1987 жылдары КСРО қарулы күштерінің теңіз флотында әскери борышын өтеді.
1988 жылы М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының физика –
математика факультетінің математикаинформатика мамандығына оқуға түсіп, аталған
институтты 1993 жылы үздік дипломмен бітіріп шықты. 1994 жылы Қ.А.Ясауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтының “Алгебра
және есептеуіш техникасы” кафедрасына оқытушы болып орналасты. 1998 – 2001
жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде қолданбалы
математика мамандығы бойынша аспирантурада оқыған. 2005 жылы Физика-математика
зерттеулер орталығына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика ғылыми-зерттеу
институтында физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
”Начально краевые задачи и задачи сопряжений консолидации неоднородных грунтов”
деген тақырыпта диссертация қорғады. 2011 жылы ҚР БжҒМ ЖАК шешімімен доцент
ғылыми атағын алды. 2011 жылдың қыркүйек айынан Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік
Қазақстан педагогикалық университетінің математика
кафедрасында доцент қызметінде.