Zhanibekov university logo
Image

Математика

Кафедра Физика-математика
Image

Егембергенова Маржан Ыбрайханқызы

Егембергенова Маржан Ыбрайханқызы 16.04.1969 Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жөлек ауылында дүниеге келіп, сол жерде №152 Жөлек орта  мектепті 1985 жылы бітіріп шықты. 1986-жылы Қызылорда педагогикалық институтының дайындық бөліміне түсіп, 1987-жылы  Физика-математика факультетіне оқуға түсіп, 1993 жылы «Математика-информатика және есептеу техникасы мұғалімі» мамандығын алды.

Еңбек жолы: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №152 жалпы орта мектебі, аға тәлімгер, Байқоңыр қаласы, №5 жалпы орта мектебі, математика пән мұғалімі (1993-1995), Қызылорда қаласы, №9 мектеп-гимназиясында математика пән мұғалімі (1995-2009), Шымкент қаласы, №87 жалпы орта мектебінде оқу ісі жөніндегі орынбасары, математика пәні мұғалімі (2009-2012), Шымкент қаласы, №89 жалпы орта мектебінде оқу ісі жөніндегі орынбасары, математика пәні мұғалімі (2012-2014), «Өрлеу» Біліктілік арттырудың ұлттық орталығы АҚ Оңтүстік Қазақстан облысының филиалы,  аға оқытушы, халықаралық дәрежедегі тренер (2014-2022), 2021жылдан бастап республикалық оқулықтар мен оқу кешендері бойынша сарапшы, 2022-2023 оқу жылынан бастап бүгінге дейін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Математика» кафедрасында оқытушысы, факультет бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарға жауапты.

Марапаттары: "ҚР білім беру ісінің үздігі" төсбелгісі (2013), облыстық, республикалық алғыс хаттар.

 

Баспа бетіне жарық көрген әдебиеттер:

1.    Жаңартылған білім мазмұны аясында математика пәні .Оқу-әдістемелік құралы. –Шымкент: «Әлем» баспаханасы, 2016.-180 б.

2.    Қазақтың байырғы есептері. Оқу-әдістемелік құралы  - Шымкент,  «Әлем» баспаханасы, 2024 ж. – 175 б.