Zhanibekov university logo
Image

Физика

Кафедра Физика-математика
Image

Медетбекова Гүлбану Қалжігітқызы

      Медетбекова Гүлбану  Қалжігітқызы 1965 жылы  01-қаңтардада Шымкент облысы Отырар ауданы, Әл-Фараби елді мекенінде дүниеге келген. Білімі жоғары. Педагогикалық жұмыс өтілі 37 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 17 жыл. 1982 жылы М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына оқуға қабылданып, 1987 жылы «Физика-математика» мамандығы бойынша үздік бітіріп шыққан. 1987 жылы Шымкент қаласы Лапшин атындағы орта мектепте физика пәнен дәріс берген.1994 жылы  ХҚТУ Шымкент бөліміне, «Физика» кафедрасына лаборант қызметіне жұмысқа қабылданған. 1994-2025 жылдар аралығында осы аталған оқу орынында лаборант, аға лаборант, инженер, оқу шебері, оқытушы, қызметтерін атқарып келеді. 2020 жылы «Физика  ғылымдары магистрі» академиялық дәрежесі берілген (ЖООК-М №0194599, тіркеу №0593 29.06.2020ж).

       Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан  педагогикалық университетінде бүгінгі күнге дейін «Физика» кафедрасының зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарып келеді. Бүгінгі күнде «Физика» кафедрасында барлық пәндерден зертханалық жұмыстарын игеріп алған.  Жылда заманауй талапқа сай жаңа құрылғыларға  сұраныс беріп, зертханалық құрылғыларды жаңартып отырады. 5 оқу-әдістемелік құралы, 5 ВАК ғылыми журналында және 4 халықаралық басылымдарда мақалалары жарыққа  шыққан.

      2004, 2015, 2017, 2021, 2022 жылдары   өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарағандығы мен нәтижелі еңбектері үшін  ректордың атынан Алғыс хат, және  2020  жылы институтымыздың  80 жылдық төс белгісімен,  Құрмет  грамоталарымен, 2021 жылы Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл толуына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымынан Құрмет грамотасымен және 2024 жылы құрмет орденімен марапатталды.