Zhanibekov university logo
Image

Биология

Кафедра Жаратылыстану
Image

Сартбаева Гульнар Макулбековна

sartbaeva_66@mail.ru

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Аға оқытушы

1966 жылы 5 тамызда Шымкент облысы Түлкібас ауданы Азаттық ауылында туылған.

1983 жылы Новои атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы Алматы қаласындағы Қазақтың мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының Жаратылыстану факультетіне химия-биология мамандығы бойынша  оқуға қабылдандым, аталған институтты 1988 жылы өте жақсы бітірдім.

1988-1991 жылдары Түлкібас ауданында М.Горький мектебінде химия-биология пән мұғалімі, 1991-1992 жылдары Түлкібас аудандық білім беру басқармасында жетекші маман, 1993-2001 жылдары Шымкент қаласы №65 Ы. Алтынсарин атындағы гуманитарлық гимназия мектебінде химия-биология пән оқытушы, 2001-2004 жылдары  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ) Жаратылыстану – гуманитарлық институтының биология мамандығы бойынша аспирантурасында оқыдым.

2001-2011 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімі «биология» кафедрасының оқытушысы, 2013- жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде биология кафедрасының аға оқытушы қызметін атқардым.

2008 жылы «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында» 06.02.01 – Ауыл шаруашылығы малын өсіру, олардың селекциясы, генетикасы және көбеюі мамандық шифры бойынша «Қазақстанның оңтүстік аймағында өсірілетін қара қаракөл қойының экологиялық типтерінің ұрпағының сапасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым.

2023 оқу жылынан бастап осы күнге дейін Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде биология кафедрасында аға оқытушымын.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілік

Аяқталу мерзімі

Алматы қаласындағы Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық институты

биология және химия пән мұғалімі

1988 жыл

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген күні

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

 

22.04.2009

 

Дәріс беретін пәндер: Омыртқасыздар зоологиясы, омыртқалылар зоологиясы

 

БАСПАДАН ШЫҚҚАН МАҚАЛАЛАР

 

 1. «Бал араларының  экстерьерлік көрсеткіштері» Ғылым мен техниканы дамытудың  қәзіргі заманғы үрдістері атты Халықаралық студенттік  ғылыми – тәжірибиелік конференциясының еңбектері 6 – том.  Шымкент, 2020ж.

2.«Бал араларының аналықтарының жасы мен жұмыртқалауының арасындағы байланыстар» Ғылым мен техниканы дамытудың  қәзіргі заманғы үрдістері атты Халықаралық студенттік  ғылыми – тәжірибиелік конференциясының еңбектері 6 – том.  Шымкент, 2020ж.

3.Үй құстарының биологиялық ерекшелігін  зерттеу.«Жахандану үдерісіндегі білім, ғылым және тәрбие» атты Байтанаев оқулары-9халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының ғылыми мақалалар жинағы 2том Шымкент 2021

4. Қаздар туысы морфометриясын зерттеу. «Жахандану үдерісіндегі білім, ғылым және тәрбие» атты Байтанаев оқулары-9халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының ғылыми мақалалар жинағы 2том, Шымкент 2021

5.«Атабай су қоймасының жағасындағы тоспа ұлуларындағы фасциола балаң құртының таралуын зерттеу. Білім алушылардың «Ғылымға құштар жас ғалым» атты дәстүрлі  Республикалық ғылыми – тәжірибиелік конференция жұмысының ғылыми мақалалар жинағы 1 – том.  Шымкент, 2021ж.

6. «Фасциола балаң құртының экологиясы және оны анықтауда преципитация реакциясын  қолдану». Білім алушылардың «Ғылымға құштар жас ғалым» атты дәстүрлі  Республикалық ғылыми – тәжірибиелік конференция жұмысының ғылыми мақалалар жинағы 1 – том.  Шымкент, 2021ж.

7. Жылыжайда өсірілген жылу сүйетін қызанақ дақылдарына жаңа технологиялық әдістерді пайдаланып, сапалы өнім алу. Білім алушылардың «Ғылымға құштар жас ғалым» атты дәстүрлі  Республикалық ғылыми – тәжірибиелік конференция жұмысының ғылыми мақалалар жинағы 1 – том.  Шымкент, 2021ж.

8. Мақсары ѳніміне және ерте пісетін дәнді дақылдарға минералды тыңайтқыштардың әсері.

Білім алушылардың «Ғылымға құштар жас ғалым» атты дәстүрлі  Республикалық ғылыми – тәжірибиелік конференция жұмысының ғылыми мақалалар жинағы 1 – том.  Шымкент, 2021ж.

9.Жалпы орта мектептерде  инновациялық технологияларды пайдалануда оқушылардың логикалық даму ерекшеліктерін анықтау. Білім алушылардың «12-сәуір ғылым күніне орай өтетін білім алушылардың  дәстүрлі  Республикалық XII -ғылыми – тәжірибиелік конференция жұмысының ғылыми мақалалар жинағы 1 – том.  Шымкент, 2023ж.89-93 беттер

10. Биология пәнінен «адам қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімін оқытуда іс-тәжірибеде қолданылған әдіс-тәсілдері. Білім алушылардың «12-сәуір ғылым күніне орай өтетін білім алушылардың  дәстүрлі  Республикалық XII -ғылыми – тәжірибиелік конференция жұмысының ғылыми мақалалар жинағы 1 – том.  Шымкент, 2023ж.83-88 беттер

11. Оқушылардың арасында жалпақтабандылықтың таралу дәрежесін тәжірибе жүзінде тексеру және оның нәтижелер. Білім алушылардың «12-сәуір ғылым күніне орай өтетін білім алушылардың  дәстүрлі  Республикалық XII -ғылыми – тәжірибиелік конференция жұмысының ғылыми мақалалар жинағы 1 – том.  Шымкент, 2023ж.93-97 беттер

12. Биология сабағында 8-сынып оқушыларының есте сақтауын дамытудың ерекшеліктері мен шарттарына арналған тапсырмалар. Өзбекәлі Жәнібеков құбылысы: тұлға тағылымы және педагогикалық құндылықтар» атты «Жәнібеков оқулары – 2» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының ғылыми мақалалар жинағы 1 – том.  Шымкент,  19-наурыз, 2025 ж 207-2011-беттер

13. Тірі ағзалардың көптүрлігін оқытуда проблемалық технология элементтерін қолдану тиімділігі». Өзбекәлі Жәнібеков құбылысы: тұлға тағылымы және педагогикалық құндылықтар» атты «Жәнібеков оқулары – 2» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының ғылыми мақалалар жинағы 1 – том.  Шымкент, 19-наурыз, 2025 ж 202-207-беттер

14. Биология пәнінен проблемалық іскерлік ойын бойынша, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері. Өзбекәлі Жәнібеков құбылысы: тұлға тағылымы және педагогикалық құндылықтар» атты «Жәнібеков оқулары – 2» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының ғылыми мақалалар жинағы 1 – том.  Шымкент, 19-наурыз, 2025 ж 161-164 беттер

15. «Заттардың тасымалдануы» бөлімі  бойынша өткен биология сабақтарының тәжірибе-эксперименттік жұмыс нәтижелерін талдау. Өзбекәлі Жәнібеков құбылысы: тұлға тағылымы және педагогикалық құндылықтар» атты «Жәнібеков оқулары – 2» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының ғылыми мақалалар жинағы 1 – том.  Шымкент, 19-наурыз, 2025 ж 164-167 беттер

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

1. Орнитология пәні бойынша оқу-әдістемелік  құрал. Оқу әдістемелік құрал Шымкент-2021ж 

2. Энтомология пәні бойынша оқу-әдістемелік  құрал  Оқу әдістемелік құрал Шымкент-2022 ж