- Басты бет
- Кафедра туралы
- Кафедра мүшелері
- Бағдарламалар
- Оқу материалдары
- Ғылыми жобалар
- Кафедра құжаттары
- Жетістіктер
- Жарияланымдар
Косауова Акерке Колдасыновна
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
Туылған жылы: 29.08.1984
Туылған жері: ОҚО, Кентау қаласы
2001 жылы Т.Әлімқұлов атындағы №14 лицей-интернатты аяқтадым, сол жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жаратылыстану факультетіне биология мамандығына оқуға түстім. 2006 жылы университетті үздік дипломмен бітірдім. 2006-2009жж аралығында Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында 06.02.04 – Дербес зоотехния; мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің технологиясы мамандығы бойынша өндірістен қол үзбей күндізгі бөлім аспирантурасында оқыдым. 2010 жылы «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Д.55.39.01. диссертациялық кеңесінде "Отандық және шетелдік селекциядағы биязы жүнді қошқарларды пайдалану арқылы алынған төлдердің биологиялық ерекшеліктері мен өнімділік көрсеткіштері" тақырыбында кандидаттық дисертациямды қорғап, 2011 жылы 11 наурызда ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты дәрежесін алдым. 2021-2023 жж Шымкент университетінде 6В01504-Биология білім беру бағдарламасы бойынша білім алып, білім бакалавры дәрежесін алдым.
2010-2015 жж. аралығында «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нде аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер, биязы жүнді қой шаруашылығы секторының меңгерушісі қызметтерін атқардым.
2015-2020 жж. аралығында Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде аға оқытушы, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқардым.
2020-2021 жж. аралығында Шымкент университетінде аға оқытушы қызметін атқардым.
2021 жылдың қазан айынан бастап Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты директорының орынбасары және Биология кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарудамын.
Білім
|
Білім беру мекемесі |
Біліктілік |
Бітіру жылы |
|
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті |
биолог |
2006 |
|
Шымкент университеті |
білім бакалавры |
2023 |
Ғылыми дәрежесі
|
Наименование ученой степени |
Область науки |
Дата выдачи диплома |
|
ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты |
06.02.04 – Дербес зоотехния; мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің технологиясы |
11 наурыз 2011ж |
Оқытатын пәндер тізімі:
Өсімдіктер мен жануарлардың экологиясы, Өсімдіктер мен жануарлардың селекция негіздері, Биологияны оқыту әдістемесі, Жасуша биологиясы, Эволюциялық ілім
НАУЧНАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ:
- Technology for the development of creative thinking and its methods in chemistry and biology lessons International topkapi congress IV, September 18-20, 2024 – Istanbul, Шертаева Н.Т., Шаграева Б.Б., Косауова А.К.
- The place and role of women in science in Kazakhstan (on the example of the O. Zhanibekov South Kazakhstan pedagogical university) III. International turkic and world women's studies congress October 5, 2024, Atatürk University, Erzurum, Türkiye Сыздыкова Г.М., Шертаева Н.Т., Шаграева Б.Б., Косауова А.К.
- The Effect of Oil Pollution of the Gray Soils on Revegetation in the South of Kazakhstan Journal of Ecological Engineering 2023, 24(1), 28–33 https://doi.org/10.12911/22998993/155997 ISSN 2299–8993, License CC-BY 4.0, Issayeva A., Mametova A. , Baiduisenova T., Kossauova A., Zhumakhanova R., Zhumadulayeva A.
НАУЧНО-МЕТОДИЧЕСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ:
1. 1 st International Turkistan Online Summer School of Public Administration Akhmet Yassawi University and Astana Civil Service Hub, 72 сағат, Certificate of Completion No: 02581
2. 21-ғасыр жұмыс орнындағы қарым-қатынас (онлайн курс) Coursera, https://coursera.org/verif y/KUJR9QJXHUP6
3. Research Methodologies (онлайн курс) Coursera, https://coursera.org/verif y/RYKVG87SHM2A
4. Introduction to Biology: Ecology (онлайн курс Coursera) Coursera, https://coursera.org/verif y/584VP8YWP7U2
5. Introduction to Biology: Evolution (онлайн курс Coursera) Coursera, https://coursera.org/verif y/7UTR2APMWMKE
6. Биология (онлайн курс), «Ғалымнұр» біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы, 72 сағат, Сертификат №02202
7. "PhD Insights: Назарбаев Университетінің академиялық тәжірибесімен алмасу" Назарбаев Университеті, 20 сағат, Сертификат
8. Инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері, Астана қ., 23.08.2024 ж. «Science Service» International Project Coordination Center, 144 сағат Сертификат № 0000255-E
9. 500 ғалым бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдама, 01.09.2024-30.11.2024, Турция, Гази университеті, Сертификат
10. Transmedia Storytelling: Narrative worlds, emerging technologies, and global audiences, Oct 14, 2025, Coursera, https://coursera.org/ver ify/SG7AFGRYD37R
11. ChatGPT арқылы жаңашыл оқыту, Oct 20, 2025, Coursera, https://coursera.org/ver ify/YT1MV7GUVE5X
12. Contemporary Biolog, Oct 20, 2025, Coursera, https://coursera.org/ver ify/D26BASLDAZDC
13. Generative AI for Everyone, Oct 31, 2025, Coursera, https://coursera.org/ver ify/63XNX8FKGCTL
14. Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары, 9-11 желтоқсан 2025 ж., ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы, Шымкент қаласы бойынша филиалы. 24 сағат, Сертификат №SHYMF00173
15. Биология және оқытудың жаңа технологиялары, 15-30 желтоқсан 2025 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты, 72 сағат, Сертификат №1126
НАГРАДАЛАР: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің үздігі» Құрмет дипломы, 2025 жыл