Zhanibekov university logo
Image

Математика

Кафедра Физика-математика
Image

Әбдіқадыр Бағдат Затыбекұлы

abdikadir.bagdat@okmpu.kz

Әбдіқадыр Бағдат Затыбекұлы,  1990 жылы 28-маусымда ОҚО Төлеби ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Төлеби ауданы Қазақстан орта мектебін 2008 жылы бітірді.

2008 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетіне оқуға түсіп 2012 жылы бітірді. 2012-2014 жылдар аралығында аталған университеттің магстратурасын оқыды. Магистратураны оқып жүріп Болгарияда 10 күндік іс-тәжірибе және Литвада жарты жыл «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша шет елдік ЖОО-жа білім алды.

 Үйленген, 3 қыз 1 ұлым бар.

2014 жылдың қыркүйек айынан 2022 жылдың кыркүйек айы аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің (ОҚМПУ) физика-математика кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.

2016 жылы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің жыл сайын өтетін студенттердің республикалық ғылыми жұмыстары байқауында жетекшелек жасаған студенті жүлделі II-орын  алды және 2015-2016 жылдары Алматы қаласында өткен республикалық пәндік олимпиадасында  студенттері екі жылда қатарынан жүлделі III-орын  алды. 2018 жылы Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік Университетінде өткен «5В011000-Физика» мамандығы бойынша студенттердің республикалық пән олимпиадасына ОҚМПУ командасының  жетекшісі ретінде барып, жекелей есеп бойынша және командалық жарыс бойынша жүлделі III-орын  алды. Осы уақытқа дейін 35 ғылыми мақалаларым бар.

2022 жылы қазан айында Астанадағы ҰТО-да физика пәні бойынша эксперт маманы ретінде шақырылып, жұмыс атқарды.

2024 жылы Қ.А. Ясауй атындағы ХҚТУ-да өткен аккредитациялауда коммисиялық топ құрамында болды.

2022-2025 жылдар аралығында Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де «8D01502-Физика педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторантураны аяқтады. 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де математика каедрасында жұмыс жасауда және доктордық диссертациясын қорғауға дайындалуда.

«Физика 1», «Физика 2» оқу-әдістемелік құрал және «Механика» оқу құралдарының авторы.

 Мақсаты білімді оқушыларды студент болуға дайындап, еліміздің дамуының негізгі қозғалтқышы болатын жастардың, болашақ мұғалімдердің білімін жетілдіруге өз үлесімді қосу және әрқашан білімімді жетілдіру.