Zhanibekov university logo
Image

Математика

Кафедра Физика-математика
Image

Бакирова Назира Курбанходжаевна

pm_nazira@mail.ru

Мен, Бакирова (Абдрахманова) Назира Курбанхожаевна, 1976 жылы 14 шілдеде Шымкент қаласында дүниеге келдім.

1983 жылы Шымкент қаласындағы №54 орта мектепке қабылданып, оқуымды бастадым. 1993 жылы Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылындағы №24 орта мектепті аяқтадым.

1993 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Физика-математика факультетіне оқуға түсіп, 1999 жылы «Математика пәні мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім алдым.

2003–2006 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Шымкент бөлімшесінің магистратура бөлімінде білім алып, «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін иелендім.

Еңбек жолымды 1999–2003 жылдары ХҚТУ Шымкент бөлімшесінде оператор қызметінен бастадым. 2003–2007 жылдары Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінде математика пәнінің оқытушысы болып жұмыс атқардым.

2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Шымкент қаласындағы №80 мектепте математика пәні мұғалімі болып еңбек етіп келемін. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің физика математика факультетінде ҚЖА болып істеймін.

Отбасылымын. Екі қызым, бір ұлым бар. Қазіргі таңда үш немеремді тәрбиелеп, өсіріп келемін.