«ОЙ ҚОЗҒАУ ОРТАЛЫҒЫ»: УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Университетте «Ой қозғау орталығы» аясында кезекті Басқарма отырысы өтті. Маңызды жиынға Директорлар кеңесінің төрағасы, академик, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оразалы Сәбден, Басқарма төрағасы – Ректор Қайрат Балабиев, Басқарма мүшелері, факультет декандары, департамент директорлары және жас ғалымдар қатысты. Басқосу университеттің даму стратегиясын айқындау, алдағы онжылдықтың басым бағыттарын белгілеу және жоғары білім беру жүйесіндегі жаңа талаптарға сәйкес тың бастамаларды талқылауға арналды. Жиынға Қайрат Рахымұлы модераторлық етті.
Кездесуде академик Оразалы Сәбден университетті дамыту мәселесіне кең ауқымды стратегиялық көзқарас тұрғысынан тоқталды. Оның айтуынша, университеттің дамуы – тек білім беру ұйымының жетістігі емес, ұлт болашағына бағытталған ұзақ мерзімді инвестиция. Жаңа заманның идеяларын қалыптастыратын да, оны жүзеге асыратын да – өз ортамыздағы оқытушылар мен ғалымдар. Сондықтан ғылым мен білімнің әлеуетін біріктіріп, уақыт талабына сай тың бастамалар көтеру маңызды. Әсіресе жасанды интеллект дәуіріндегі университеттің миссиясы, технологиялық өзгерістер жағдайында рухани және зияткерлік дамуды қатар қамтамасыз ету, алдағы онжылдықта жоғары білім беру кеңістігін қандай өзгерістер күтіп тұрғаны жөнінде маңызды ойлар ортаға салынды. Қатысушылар осы өзекті сұрақтарға бірлесіп жауап іздеп, университеттің болашақ даму бағдарын талқылады.
Жиын барысында стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек университеттің стратегиялық даму бағдарламасын таныстырды. Сонымен қатар сала проректорлары академиялық даму, ғылыми-инновациялық әлеуетті арттыру және халықаралық байланыстарды нығайту бағыттары бойынша жоспарлары мен жобаларын ұсынды.Талқылау барысында оқытушылар мен ғалымдар да өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, университеттің ғылыми және зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар бастамаларды ортаға салды. Атап айтқанда, ғалымдар мектебін қалыптастыру, педагогикалық жаңалықтар мен инновациялық жобаларды дамыту, жаңа заман талаптарына сай тұлға тәрбиелеу, цифрлық зертхана ашу мәселелері кеңінен сөз болды. Жиын қорытындысында Директорлар кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбден айтылған ұсыныстарды қолдап, идеяларды жүзеге асыру мақсатында тиісті жобаларды құжат жүзінде әзірлеп, жолдауды тапсырды.

Осыған ұқсас
СТУДЕНТТЕРГЕ «АБАЙ ФЕНОМЕНІ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
ҰЛТ ЖАНАШЫРЫ – ҰРПАҚ ЖАДЫНДА
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ