ҰЛТ ЖАНАШЫРЫ – ҰРПАҚ ЖАДЫНДА
Тарих және педагогика факультетінің ұйымдастыруымен «Ұлт жанашыры – ұрпақ жадында» атты ғылыми-танымдық семинар өткізілді. Іс-шараны факультет деканы Г. Таутаева ұйымдастырды. Семинарға «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының білім алушылары қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – көрнекті қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің ұлттық мәдениет пен тарихты жаңғырту жолындағы өлшеусіз еңбегін дәріптеу, профессор Қ. Ергөбектің «Өзбекәлі Жәнібеков кім?» атты оқу басылымы арқылы жас ұрпақтың бойына рухани-патриоттық құндылықтарды сіңіру, білім алушылардың ғылыми-танымдық өрісін кеңейту және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында білім алушылар «Өзбекәлі Жәнібеков кім?» оқу басылымының мазмұнына терең талдау жасап, өз пікірлері мен сын-ескертпелерін ортаға салды. Кітаптың мазмұндық ерекшеліктері, тарихи деректердің берілуі, Өзбекәлі Жәнібековтің ұлт руханияты мен мәдени мұраны сақтаудағы рөлі жан-жақты талқыланды. Семинарға филология ғылымдарының докторы, профессор, оқу басылымының авторы Қ. Ергөбек қатысып, қатысушылармен құнды ой-пікірлерімен және ғылыми көзқарастарымен бөлісті. Автордың тағылымды әңгімесі білім алушылардың тарихи тұлға туралы танымын тереңдетіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыра түсті.
Семинар модераторы З.Қуанышбаева қатысушылардың пікір алмасуына бағыт-бағдар беріп, мазмұнды талқылаудың өтуіне ықпал етті. Тағылымы мол кездесуде білім алушылар ұлт тарихы мен руханиятының дамуына үлес қосқан тұлғалардың өмірі мен еңбегін танудың маңыздылығына көз жеткізді. Іс-шара жастардың отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға, ұлттық мұраға құрметпен қарауға және кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталды.

Осыған ұқсас
СТУДЕНТТЕРГЕ «АБАЙ ФЕНОМЕНІ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
«ОЙ ҚОЗҒАУ ОРТАЛЫҒЫ»: УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ