Zhanibekov university logo
Image

Қазақ тілі мен әдебиеті

Кафедра Филология

Кафедра тарихы

     Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы университет өміріндегі ең байырғы кафедралардың бiрi. Оның тарихы 1937 жылы құрылған екi жылдық мұғалiмдер институтының тарихымен сабақтасып жатыр.

    Т.Беисов басқарған «Тіл және әдебиет» кафедрасында «Қазақ тiлi мен әдебиетi», «Орыс тiлi мен әдебиетi» мамандары қатар даярланған. Кафедра 1939 жылы  алғашқы түлектерін ұшырды. Кейін кафедра меңгерушісі қызметін Ә.Ермеков, Т.П.Королевалар атқарды.

     «Тіл және әдебиет» кафедрасын 1941-1952 жылдары Әділ Ермеков, 1952-58 жылдары Рахым Барлыбаев, 1958-1963 Әбіш Байтанаев басқарды.

    1958 жылы құрылған әдебиет үйірмесі өте қарқынды жұмыс істеді. 1959 жылдың қыркүйегінде және 1960 жылдың маусымында даңқты жазушы Мұхтар Әуезов кафедра оқытушылар мен студенттерімен кездесті. Сондай-ақ, ақын-жазушылар Ғабдол Сланов, Асқар Тоқмағамбетов, Төлеген Айбергенов, Асқар Сүлейменов, композитор Шәмші Қалдаяқовтармен жүздесу әсерлі өтті. Үйірме жұмысын кафедра меңгерушісі Ә.Байтанаев жүргізді.

   Университет ашылғаннан бірге болған «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 1963 жылы «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» кафедралары болып бөлінді. «Қазақ тілі» кафедрасын 1976 жылға дейін Ә.Ермеков, 1976-1982 жылдары Мұқаш Жақыпбеков, 1982-1988,  1990-1992 жылдары Егемберді Ағманов, 1988-1990 жылдары Оразбек Жұмашев, 1992-1993 жылдары Молдабек Құлахметов, 1993-1999, 2000-2003 жылдары Мейірбек Оразов, 1999-2000 жылдары Бикамал Тоқтағұл, 2003-2004 жылдары Зүбайда Керімбаева, 2004-2007 жылдары Базаркүл Омар, 2007-2010 жылдары Динара Байғұт басқарды. 

    «Қазақ әдебиеті» кафедрасын 1973 жылға дейін Ә.Байтанаев, 1975-1987 жылдары Мүсілім Қожықов, 1987-1988 жылдары Елеусіз Құлымбетов, 1988-2002 жылдары Әмір Мұсақұлов, 2002-2003 жылдары Өміртай Танабаев, 2003-2010 жылдары  Сұлушаш Бекмырза басқарды.

     2010-2011 жылы екі кафедра біріктіріліп, «Қазақ тілі мен әдебиеті» аталып, кафедра меңгерушісі қызметін Динара Байғұт атқарады.

    2012-2013 оқу жылында «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Д.Байғұтова, Р.Бегалиева) және «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедралары біріктіріліп, соның нәтижесінде «Қазақ және әлем әдебиеті» (Н.Нұрпейісов, А.Мамыт), «Тіл білімі» (Д.Байғұт) кафедралары жасақталды.

    2017-2018 оқу жылында аталған кафедралар «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Орыс және әлем әдебиеті» кафедралары болып қайта құрылды. 2016 жылдың 22-қарашасынан 2018 жылға дейін кафедраны филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, әдебиеттанушы ғалым Сапарбаева Қарлығаш Жылқыбайқызы басқарды.

    Кафедрада белгілі ғалымдар Рақым Барлыбаев, оңтүстіктен шыққан тұңғыш филолог-доктор Әбіш Байтанаев, Әділ Ермеков, Зейнеп Садуақасова, Мүсілім Қожықов, Бибігүл Кәтембаева, Мырзай Алтынбекова, Мұқаш Жақыпбеков, Егемберді Ағманов, Мұхитдин Сражиев, Әдіхан Ахабаев, Иса Төлеев, Оразбек Жұмашев, Әмір Мұсақұлов, Өміртай Танабаев, Мейірбек Оразов, Елеусіз Құлымбетов, Гүлзай Смағұлова, Құдайберген Маханов, Тілеулес Байғожаева, Сұлушаш Бекмырза, Маржан Есжанова т.б. ұстаздар қызмет атқарды.

   М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,  Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ, «Сырдария» университеттерімен ғылыми-әдістемелік байланыс орнатылған.

    Көптеген түлектеріміз ұстаздары сияқты ғылым жолын таңдады: белгілі ғалым, ф.ғ.д., профессор Әбсаттар Дербісалиев, ф.ғ.д., профессор Болат Байтанаев, ф.ғ.д., профессор Талғат Сайрамбаев, п.ғ.д. профессор Амангелді Жаппаров, ф.ғ.д., профессор Есенгелді Керімбаев, т.б. атауға болады. Сондай-ақ халық жазушысы, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты, ақын-сазгер Исрайыл Сапарбаевты, Ханбибі Есенқарақызын, Нармахан Бегалыұлын, Молдахмет Қаназды,  Жарылқасын Боранбаевты, Әбілда Аймақты, Әмзе Қалмырзаевты, Әкім Ысқақты, Бақытжан Алдиярды, айтыскер ақындар Ақмарал Леубаева, Маржан Есжанова мен Анар Жаппарқұлованы кафедра мақтан тұтады.

   Кафедра «6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау», «6В01704-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау», "6В02302-Филология», "6В01706-Өзбек тілі мен әдебиетін даярлау" білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврларын, "7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау", «D01701-Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау" білім беру бағдарламасы бойынша магистрлер мен докторларды даярлайды.

   Барлығы 26 оқытушы-профессор еңбек етеді.  Олардың ішінде 1 ғылым докторы, профессор,5 доцент, 1 ф.ғ.к., доцент м.а.,11 ғылым кандидаты, аға оқытушы, 2 PhD доктор, доцент м.а., 2 аға оқытушы,4 магистр-оқытушы бар. Кафедраның ғылыми әлеуеті – 77%.  

   Төл әдебиетімізге құштарлығы бар шәкірттерді әдебиетке ұмтылдыру және талабын шыңдау мақсатында кафедра жанынан құрылған С.Ерубаев атындағы «Сыр сандық» әдебиет және өнер бірлестігі жұмыс жасайды. 

   Бұл күнде кафедраны филология ғылымдарының кандидаты, доцент Байғұтова Динара Нышанқызы басқарады. Тәжірибелі ұстаздар Б.Қ.Омар, Н.Ж.Нұрпейісов, Қ.С.Алтынбеков, А.С.Пазылова, университет түлектері, ғалым-оқытушылар Қ.С.Ергөбек, А.М.Байғұтова, Ұ.Ж.Қайырбекова, Д.Н.Байғұтова, А.Г.Құрбанов, Р.Б.Кажиакбарова, Ғ.Ө.Танабаев, Т.Қ.Омаров, А.Жаппарқұлова, Қ.А.Үкібасова, Р.Н.Бегалиева, А.П.Мыңбаева, Р.Бейсенбаева, Н.Халикова, Б.Нуриманов, Ж.І.Молданова, А.Әбдіғаппар, Д.Ж.Арынбаева, А.Ораз, А.Досаева, Ж.С.Қуанбаева абыройлы еңбек етуде.

Кафедрада  3 білім беру бағдарламасы бойынша  білім бакалаврлары және магистрлер мен докторанттар дайындалады:

6В01704 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау

6В01701  - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау

6В02302 – Филология

6В01706 - Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

7M01701- Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау

8D01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау

Кафедра төмендегі оқу орындарымен байланыс орнатты:

М.О. Әуезов атындағы ОҚМУ (Шымкент қ.)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (Астана қ.)

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ.)

Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ (Астана қ.)

Қыздар мемлекеттік педагогикалық университеті (Алматы қ.)