Zhanibekov university logo
Image

Стратегиялық даму және менеджмент бөлімі

Бөлім/Орталық

Стратегиялық даму және менеджмент бөлімі

«Стратегиялық даму және менеджмент» бөлімі «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің» КЕАҚ сапа менеджменті жүйесін, университеттің білім беру сапасын ішкі бағалау, өзін-өзі бағалаудың әртүрлі рәсімдерін қамтитын құрылымдық бөлім болып табылады.

«Стратегиялық даму және менеджмент» бөлімі Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма төрағасы - Ректорының бұйрығымен ұйымдастырылды.

 «Стратегиялық даму және менеджмент» бөлімі Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректорға бағынады және университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-әрекет жасайды.

Стратегиялық даму және менеджмент бөлімінің негізгі қызметтері:

-  стратегиялық жоспарлау процесін ұйымдастыру және басқару;

- стратегиялық жоспарлаудың теңдестірілген көрсеткіштері жүйесін құру және дамыту;

- университеттің стратегиялық міндеттерін және сапа саласындағы мақсатты бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

- Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дің сапа саласындағы Саясаты мен Мақсатын жүзеге асыру;

- сапа менеджменті жүйесінің сапа саласындағы міндеттері мен талаптарын орындау;

-  университеттің СМЖ құжаттарын әзірлеу, енгізуге қатысу және үйлестіру;

- ЖОО-ның сапа бойынша салалық, ұлттық және халықаралық деңгейдегі конкурстарға қатысуын ұйымдастыру;

- ұлттық және халықаралық деңгейде университеттің сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растау (сертификаттау) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.