ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ОФИСІНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫ
Ғылыми зерттеулер офисі Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде ғылымды дамытуға, ғылыми әлеуетті тиімді пайдалануға және ғылыми нәтижелердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жүйелі қызметті жүзеге асырады.
Офистің негізгі міндеттері:
• Университеттің Ғылыми кеңесі бекіткен басым ғылыми бағыттар аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің ғылыми әлеуетін тиімді пайдалану;
• Ғылым мен өндіріс арасындағы ықпалдастықты күшейту мақсатында ғылыми ұйымдармен, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен, халықаралық серіктестермен ғылыми ынтымақтастықты дамыту;
• Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерінің бәсекеге қабілеттілігі мен коммерциялық тартымдылығын арттыруға бағытталған патенттік-өнертабыстық қызметтің маңыздылығын түсіндіру және оны жүйелі жолға қою;
• Республикалық және халықаралық ғылыми байқаулар мен жарыстардың жеңімпаздары қатарын арттыру мақсатында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуын қамтамасыз ету;
• Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін оқу үдерісіне енгізуге ықпал ету;
• Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымдары бар профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің үлесін арттыру мақсатында ғылыми-әдістемелік семинарлар, тренингтер ұйымдастыру.
Ғылыми зерттеулер офисінің негізгі қызмет бағыттары:
• Халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, олардың материалдары негізінде ғылыми жинақтар мен еңбектер шығару;
• Профессор-оқытушылар құрамына ғылыми атақтар мен ғылыми дәрежелер алуға әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету;
• Университет жанындағы ғылыми және ғылыми-координациялық кеңестердің қызметін үйлестіру және сүйемелдеу;
• Scopus және Web of Science деректер базасына енген ғылыми мақалалар үшін ынталандыру сыйақыларын тағайындау және рәсімдеу;
• Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми жобаларды әзірлеу, іске асыру және үйлестіру;
• Профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдарды республикалық және халықаралық ғылыми конкурстарға, гранттарға, байқауларға қатысуына әдістемелік қолдау көрсету;
• Жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
• Университеттің ғылыми қызметінің көрсеткіштерін талдау, мониторинг жүргізу және ғылыми белсенділікті арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.
Ғылыми зерттеулер офисінің қызметі университеттің ғылыми беделін арттыруға, халықаралық ғылыми кеңістікке кірігуіне және білім мен ғылымның сапалы дамуына жағдай жасауға бағытталған.