Zhanibekov university logo
Image

Техникалық және бағдарламалық қызмет көрсету орталығы

Бөлім/Орталық

IT департаментінің функциялары

1. IT-инфрақұрылымды басқару

  • Серверлерді, жұмыс станцияларын, деректерді сақтау жүйелерін және желілік құрылғыларды жобалау, орнату және қызмет көрсету.
  • Жергілікті желінің (LAN) және сымсыз желілердің (Wi-Fi) жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ VPN және VLAN жүйелерін ұйымдастыру.

2. Пайдаланушыларды қолдау

  • Университеттің оқытушыларына, студенттеріне және әкімшілік персоналына техникалық қолдау көрсету.
  • Компьютерлер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және баптау, техникалық ақауларды шешуге көмек көрсету.
  • Пайдаланушылардың есептік жазбаларын басқару (құру, жою, қолжетімділік құқықтарын баптау және т.б.).

3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  • Университет деректері мен ақпараттық жүйелерін ішкі және сыртқы қауіптерден (вирустар, деректердің таралуы, кибершабуылдар) қорғау.
  • Желіге рұқсатсыз қол жеткізуді бақылау және болдырмау, фаерволдар мен антивирустық бағдарламаларды баптау және әкімшілендіру, деректерді шифрлау.
  • Қызметкерлер мен студенттерге ақпараттық қауіпсіздік негіздері бойынша оқыту жүргізу.

4. Білім беру және ғылыми платформаларды қолдау және дамыту

  • АИС Platonus жүйесін техникалық қолдау және әкімшілендіру
    https://platonus.okmpu.kz/
  • Университеттің ресми сайтын қолдау және дамыту https://zhanibekov.edu.kz/
  • «Антиплагиат» жүйесін әкімшілендіру
  • Moodle жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету
  • ILIM электрондық ғылыми журналын енгізу және қолдау
  • KPI жүйесін енгізу және қолдау
  • RFID кітапхана жүйесіне техникалық қолдау көрсету
  • Оқу және әкімшілік ақпараттық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету

5. Әкімшілік процестерді автоматтандыру

  • Электрондық құжат айналымы жүйесін қолдау, дамыту және әкімшілендіру
    https://okmpu.documentolog.kz/
  • Қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесіне (СКУД) техникалық қолдау көрсету, қызметкерлерге (қызметтік куәлік) және білім алушыларға (студенттік билет) карталар шығару және тіркеу
  • IP-телефония жүйесіне техникалық қолдау көрсету
  • Бейнебақылау жүйесіне техникалық қолдау көрсету

6. Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жаңғырту

  • Компьютерлік жабдықтарға (компьютерлер, интерактивті панельдер мен тақталар, LED-экрандар және т.б.), серверлер мен желілік құрылғыларға тұрақты техникалық қызмет көрсету және жаңарту.
  • Кеңсе техникасын (принтерлер, МФҚ, сканерлер, IP-телефондар) қызмет көрсету және жөндеу.
  • Бейнебақылау жүйесін қызмет көрсету және жөндеу.
  • Жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ескірген бөлшектер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді ауыстыру.

7. IT жүйелерінің жұмысын мониторингтеу және талдау

  • IT-инфрақұрылымның жай-күйін тұрақты бақылау, ақауларды нақты уақыт режимінде анықтау және жою.

8. Жобаларды басқару

  • Университет ортасына жаңа технологиялар мен жүйелерді енгізу жобаларын басқару.
  • IT қызметтері мен технологиялары бойынша сыртқы жеткізушілермен жұмысты үйлестіру.

9. Қызметкерлер мен студенттерді оқыту және кеңес беру

  • Жаңа технологиялар, жүйелер мен бағдарламаларды пайдалану бойынша тренингтер, семинарлар және консультациялар өткізу.
  • Әртүрлі IT-ресурстарды қолдану бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және тарату.

10. Деректерді резервтік көшіру және қалпына келтіру

  • Деректерді тұрақты резервтік көшіру жүйесін ұйымдастыру және қолдау.
  • Ақаулар, деректердің жоғалуы және басқа да төтенше жағдайлар кезінде деректерді қалпына келтіру жоспарын әзірлеу және енгізу.

11. Типография және дизайнерлік жұмыстар

  • Оқу материалдарын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды, монографияларды басып шығару.
  • Әкімшілік құжаттарды, келісімшарттарды, бюллетеньдерді, сертификаттарды және университеттің басқа да ресми материалдарын тираждау.
  • Ақпараттық буклеттерді, плакаттарды, парақшаларды (іс-шаралар мен жарнама үшін) өңдеу және басып шығару.
  • Әртүрлі жобаларға арналған визуалды тұжырымдамаларды әзірлеу (семинарлар, конференциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, мерекелік іс-шаралар: плакаттар, буклеттер, жарнамалық материалдар, презентациялар).
  • Баспа және электрондық материалдардың дизайнын әзірлеу (кітаптар, журналдар, сайттар, әлеуметтік желілер және т.б.).
  • Университеттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің логотиптері мен фирмалық стилін әзірлеу.
  • Материалдардың үйлесімді әрі тартымды безендірілуін қамтамасыз ету үшін мәтіндермен және бейнелермен жұмыс істеу.

12. Цифрлық сервистер және онлайн-коммуникациялар

  • Онлайн-конференциялар мен қашықтан өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру және техникалық қолдау көрсету.
  • Бейнебайланыс және онлайн-оқыту сервистерін қолдау.