Жаратылыстану
Факультет- Басты бет
- Факультет туралы
- Факультет мүшелері
- Бағдарламалар
- Ғылыми жобалар
- Оқу материалдары
- Жетістіктер
- Жарияланымдар
«Жаратылыстану» факультетінің тарихы 1986 жылдан басталады. Алғашында «Дене шынықтыру» факультеті құрамында «Химия-биология» кафедрасы болып құрылған, оның алғашқы меңгерушісі болып доцент Әбділлаев Болат Әбділлаұлы тағайындалды. 1989 жылы «Химия-биология» факультеті құрылып, «Химия» және «Биология» кафедралары болып екіге бөлінді.
Факультет деканы болып келесі тұлғалар қызмет жасады: Б.Ә.Әбділлаев, Л.И.Мамаев, С.Ө.Стамқұлов, А.М.Аширов, Е.Ш.Шахабаев, Е.И.Қыстаубаев, Ә.М.Муталиев, Н.М.Байсейтова, Г.Б.Алпамысова, А.Т.Саулембаев. Факультет деканы қызметін 2023 жылдан бастап ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент Айтбаева Айгүл Ергенқызы атқаруда.
Қазіргі уақытта «Жаратылыстану» факультетінде 3 кафедра жұмыс жасайды: «Химия», «Биология» және «География». Факультетте 7 білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврлары, 4 білім беру бағдарламасы бойынша магистрлер, 3 білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторлары дайындалады.
Бакалавриат:
6В01405- Құқық және экономика негіздері мұғалімін даярлау
6В01504- Химия мұғалімін даярлау
6В01505- Биология мұғалімін даярлау
6В01506- География мұғалімін даярлау
6В01507- Химия биология мұғалімін даярлау
6В01511- География-тарих мұғалімін даярлау
6В05101- Биология
Магистратура:
7М01405- Құқық және экономика негіздері педагогін даярлау
7М01504- Химия педагогін даярлау
7М01505- Биология педагогін даярлау
7М01506- География педагогін даярлау
Докторантура:
8D01405- Құқық және экономика негіздері педагогін даярлау
8D01504- Химия педагогін даярлау
8D01505- Биология педагогін даярлау
Оқытушылар саны: 67 (4 ғылым докторы, 31 ғылым кандидаты, 7 PhD, 25 магистр-оқытушы)
Ғылыми әлеует: 63%