- Басты бет
- Кафедра туралы
- Кафедра мүшелері
- Бағдарламалар
- Оқу материалдары
- Ғылыми жобалар
- Кафедра құжаттары
- Жетістіктер
- Жарияланымдар
Мұсақұлов Құсан Төлендіұлы
04.03.1965 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында туылған. 1972 жылы Қазығұрт ауданы, мектепке бастауыш сыныбына бардым. С.Сейфуллин орта мектебіне ауысып, 1982 жылы аяқтадым. 1982-1983 жылдары «Коммунизм» қой совхозында жұмысшы, 1983-85 жылдары әскер қатарында қызмет еттім. 1985 -1988 жылы Қазығұрт ауылында автобазада слесарь болып жұмыс істедім. 1988-1993 жылдары М. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институ-тында оқыдым. 1993-1994 жылы Жылыбұлақ орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім. 1994 жылы ХҚТУ – нің Шымкент бөлімшесіндегі еңбекке баулу кафедра-сында оқытушы. 1996 жылдан М. Әуезов атындағы ОҚГУ –нің жалпытехникалық пәндер кафедрасында оқытушы. 1998 жылдан М. Әуезов атындағы ОҚМУ –нің инженерлік графика кафед-расында аға оқытушы. 2012 жылдан ОҚМПИ –нің Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедра-сында аға оқытушы қызметіндемін. 2013 жылы кандидаттық диссертация қорғадым, Ресей федерациясының Ғылым және білім министрлігінің педагогика ғылымдарының кандидаты деген диплом алдым. 2018 жылы осы дипломды нострификациядан өткізіп, Қазақстан республика-сының Ғылым және білім министрлігінен, Педагогика және психология мамандығының PhD дипломын алдым Қазір ОҚМПУ-нің кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасында аға оқытушы қызметіндемін. 50 – ден аса ғылыми еңбектерім бар, 2021 жылы «Формирование экономи-ческих представлений бакалавров неэкономических специальностей в систе-ме профессиональной подготовки» атты монография жазып баспадан шығардым. Жанұямда әйелім және бір қыз үш балам бар.