Мыңбаева
Ақбілек Пазылханқызы 1984 жылы 6 шілдеде қазіргі Түркістан облысы Шардара
ауданында дәрігерлер отбасында дүниеге келді. 2001 жылы Шардара орта мектебін
үздік аттестатпен аяқтады. Осы жылы Шымкент қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтына оқуға түсіп, 2005 жылы
аталған жоғары оқу орнының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік дипломмен
бітірді. 2006-2008 жылдары Алматы экономикалық статистикалық академиясының
«Жерге орналастыру және кадастр» мамандығы бойынша білім алды. 2009-2011
жылдары Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің магистратурасын
аяқтап, магистр дәрежесін иеленді. Еңбек өтілін 2006 жылы Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасында лаборант
болып бастап, филология факультетінде әдіскер, 2006-2011 ж.ж. Академиялық
инновациялық университетінде, 2011-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық институты филология факультетінде офис тіркеуші, магистр-оқытушы,
филология факультеті деканының орынбасары ретінде жалғастырды. 2013-2016
жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» қафедрасында 6D011700 - Қазақ тілі
мен әдебиеті мамандығы бойынша докторантураны бітіріп, Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университетіндегі «6D010000 – Білім беру» (гуманитарлық
ғылымдар) диссертациялық кеңесінде PhD философия докторы дәрежесін алу үшін
«Филологмамандардың мәдени-тілдік құзыреттілігін мәтін арқылы қалыптастыру
(ЖОО-нан кейінгі білім беру жүйесінде)» тақырыбында докторлық диссертациясын
сәтті қорғап, PhD доктор ғылыми дәрежесін алды. 2015-2016 жылдар арасында
Түркия Республикасының Анкара қаласындағы Гази университетінде шетелдік ғылыми
тағылымдамадан өтіп, кәсіби шеберлікті жетілдіру курсына қатысты, сертификат
алды. 2016 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық
университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында PhD философия докторы,
Тіркеу бөлімінің басшысы, университеттің Ғалым хатшысы болды. Бүгінгі таңда
ОҚМПУ-да Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессор
қызметінде. Мыңбаева А.П. «Түркі халықтарының әдебиеті» (2019), «Қазақ тілі мен
әдебиетін жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту» (2020), «Көркем мәтінді
лингвистикалық талдау (ағылшын тілінде)» деп аталатын оқу құралдарының авторы.
1 оқу құралы Республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің кеңесінен өтіп грифпен
жариялауға рұқсат етілген (№3, 15.03.2022ж), 1 оқу құралына авторлық құқық
алынған. Алыс-жақын шетелдерде және республикада өткен халықаралық,
республикалық ғылыми конференцияларда, симпозиумдар мен форумдарда баяндама
жасап, 40-қа жуық ғылыми мақалаларын жарыққа шығарды, оның ішінде 7 мақала Scopus
деректер базасына енетін Q3- Q2, 35 %-дан жоғары инпакт-факторлы журналдарда
жарияланған. ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми
жұмыстарды гранттық қаржыландыру конкурсы бойынша AP05131417 «Қазіргі қазақ
тіліндегі неологизмдердің қалыптануы: когнитивтік және лингводидактикалық
аспектілер» деп аталатын ғылыми жоба жұмысының орындаушысы болып жұмыс істеді.
Білім беру саласында ғылым жолын қатар алып келе жатқан жас ғалым 2019 жылы 11
наурызда №В2-262 «Білім беру саласының үздігі» медалімен, облыстық маслихат
хатшысының Құрмет грамотасымен, университет ректорының мақтау қағаздарымен
марапатталған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2019 жылғы 4
желтоқсандағы №517 бұйрығымен «Жас ғалым» стипендия иегері, ҚР БҒМ 2020 жылдың
«Үздік оқытушы -2020» грантының иегері атанды. Қазіргі таңда магистранттар мен
докторанттардың зерттеу жұмыстарына, теория мен практиканы ұштастыру мақсатында
мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің жоба жұмыстарына жетекшілік жасап келеді.