Ораз Айдана Нұрмаханқызы 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылында дүниеге келді. 2002-2014 жылдары Ө.Жамалов атындағы жалпы орта мектепте оқып, үздік бітіріп шықты. 2014-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне оқуға түсіп, қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалавры дәрежесін қызыл дипломмен аяқтады. Еңбек жолын 2018 жылы «Арман» мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы қызметінен бастады. 2018-2020 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқып, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2019-2020 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы қызметін атқарды. 2020-2023 жылдар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне D017-Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау БББ негізінде докторантураны үздік аяқтады. 2023 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде оқытушы болып қызмет атқаруда. Бірнеше ҚР БжҒМ білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынған тізім бойынша отандық басылымдарда 3мақалаcы жарияланған, одан бөлек көптеген ғылыми жинақтарға енген мақалалардың авторы. Қазіргі таңда «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық технологиялары» пәндерінің практикалық сабақтарын жүргізіп келеді.