Zhanibekov university logo
Image

Математика

Кафедра Физика-математика
Image

Дайырбеков Серік Сансызбайұлы

Өмірбаян

Дайырбеков Серік Сансызбайұлы 1986-1993 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтында оқып, оны математика, есептеуіш техника және информатика негіздері пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты.

1992-2008 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында математика, информатика пәндерінен дәріс берді.

Жоғары оқу орнындағы қызметін 1993 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының «Алгебра, информатика және есептеуіш техника» кафедрасында инженер-программист қызметінен бастады.

2004 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде доцент А.Әмірбекұлының жетекшілігімен “13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (математика)” мамандығынан «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектеп оқушыларының математиканы оқу белсенділігін компьютер арқылы дамыту» тақырыбы бойынша кандидаттық  диссертациясын қорғады.

ҚР БжҒМ 2009 жылдың 22-маусымдағы №6 Алқа шешімі бойынша 13.00.00-Педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы бекітілді.


2018 жылғы 30 қазанда ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен 13.00.00 – Педагогика мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

2022 жылдың 1-қыркүйегінен ОҚМПУ «Математика» кафедрасының профессоры қызметінде.

Марапаттары:

v ҚР БжҒМ-нің (министр Б.Т.Жұмағұлов) «Құрмет грамотасы», 2012 жыл;

v Ы.Алтынсарин төсбелгісі (министр Е.Сағадиев, 25.03.2016), 2016 жыл;

v А.Байтұрсынов атындағы алтын медаль (ҚР ЖОО қауымд. президенті Р.А.Алшанов), 2018 жыл;

v Грамота. Түркістан облыстық маслихаты (хатшы Қ.Балабиев). мамыр, 2019 жыл;

v Алғыс хат. Шымкент қаласының мәслихаты (хатшы Б.Нарымбетов), 2022 жыл.

           100 ден аса ғылыми,  ғылыми-әдістемелік мақала,  3 монография, 6 оқу құралы мен    8 оқу-әдістемелік құралдың авторы  және 9 зияткерлік меншік құқығына ие. Бірнеше халықаралық және шет елдік ғылыми конференцияларда баяндамалар жасаған. Web of Science компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие ғылыми журналдарда − 2, Скопус базасындағы журналдарда − 7 мақаласы жарық көрген. Оның ішінде, соңғы жылдардағы негізгі еңбектері:

  1. Students’ Environmental Competence Formation as a Pedagogical Problem, статья, INTERNATIONAL JOURNAL OF ENVIRONMENTAL & SCIENCE EDUCATION 2016, VOL. 11, NO. 18, 11735-11750. (Скопус), Серіктес авторлар: Y.V.Ponomarenko,  A.A.Yessaliev, R.I. Kenzhebekova, K. Moldabek, L.A.Larchekova, L.Asambaeva
  2. «Жоғары математика» (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама – электронды оқулық), Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК, №2316, 13.10.2017 жыл. ҚР ӘМ. ИС 010046,  Серіктес авторлар: М.Д.Шинибаев, А.С.Сансызбаева
  3. Formation Of Aesthetic Consciousness Of  5-9 Class’ Schoolchildren, статья, Журнал  Opción, Año 35,   No.88  (2019): 1037-1059 ISSN 1012-1587 / ISSNe: 2477-9385 (Скопус), Серіктес авторлар:  Дайырбекова Г.Б., Мусабекова Г.,  Жумадиллаева Г., Бабаев Н.
  4. Алгебра курсының есептерін жуықтап шешуде компьютерді қолдану мүмкіндіктері. Оқу құралы, Шымкент - «Әлем» баспасы, 2020. – 116 бет. Серіктес автор: Мамаев Қ.С.
  5. «Математика негіздерінен өзіндік жұмыс тапсырмалары» (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама – электронды оқулық). Авторлық құқықпен  қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы   КУӘЛІК, №21790, 17.11.2021 жыл. Серіктес авторлар: Досыбекова Ш.К., Сансызбаева А.С.
  6. Methods of teaching school students to solve systems of equations and inequalities in the conditions of digitalisation of education // Cypriot Journal of Educational Sciences. Volume 17, Issue 8, (2022) 2680-2691 стр. https://doi.org/10.18844/cjes.v17i8.7820 ,  (Скопус), Серіктес авторлар: A.Sansyzbayeva, L.Zhadrayeva, R.Kadirbayeva, A.Sansyzbayev.
  7. Роль мобильных приложений в формировании цифровой компетентности будущих учителей математики / Қарағанды  университетінің  хабаршысы.  «Педагогика»  сериясы. – 2024. – 29-том, 3(115)-шығ., 168-177 беттер. https://doi.org/10.31489/2024Ped3/169-178 . Серіктес автор: Алмат А.Ш