Джаманкараева Мадина Алдановна Оңтүстік Қазақстан облысында, Қазығұрт
селосында туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
1986-1991 жылдары В.И. Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетінен
білім алып, 1991 жылы қызыл дипломмен аяқтады.
1997-2001 жылдары М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университетінің аспирантурада 01.01.02 – дифференциалдық теңдеулер және
математикалық физика мамандығы бойынша оқып, 2001 жылдың желтоқсан айында «Спектральные
свойства фредгольмовых квазирегулярных задач для уравнения Лаврентьева -
Бицадзе» атты тақырыбында диссертациялық жұмысын сәтті қорғап, физика-математика
ғылымдарының кандидаты ғылым дәрежесін алды. Ғылыми жетекші: ҰҒА академигі, ф. – м. ғ.д.,
профессор Т. Ш. Кальменов.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері болды, 2015 жылы «Университет педагогиканың
негіздері» деген тақырыптағы Валенсия политехникалық университетінде (Валенсия
қаласы, Испания) ғылыми тағылымдамадан өтті.
2014 жылдың қыркүйек айынан Оңтүстік Қазақстан мемлекетік педагогикалық
университетінің физика- математика, кәзіргі уақытта математика кафедрасында,
ф.-м.ғ.к., аға оқытушы жұмыс атқарып келеді. 100-ден астам ғылыми мақаласы
баспа бетінде жарық көрген, Web of Science база бойынша 3 мақала жарияланды, индекс Хирша h=1, Scopus база бойынша 12 мақала жарияланды, индекс Хирша h=2.
ҚР БжҒМ-нің 2023-2025 жылдарға арналған
ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған AP19678229 «Ұжымдық- конструктивті оқытудың
міндеттері нәтижелері негізінде педагог-математиктерді даярлау сапасын арттыру» тақырыбында ҒЗЖ зерттеу тобының мүшесі болып
табылады.
Джаманкараева Мадина Алдановна білікті маман, жүктелген міндетке
жауапкершілікпен қарайды.
Ұжымдағы әріптестерімен жақсы қарым қатынаста, қызметтесттері арасында
беделді.
Jamankarayeva madina aldanovnaҰжымдағы әріптестерімен жақсы қарым қатынаста, қызметтесттері арасында беделді. Jamankarayeva madina aldanovna
Ұжымдағы әріптестерімен жақсы қарым қатынаста, қызметтесттері арасында беделді.